Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым


Шынайы мәселені жалғандықтан ажырату белгісі



Pdf көрінісі
бет54/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Шынайы мәселені жалғандықтан ажырату белгісі
№ Мәселенің 
атауы
Белгі сипаттамасы
1 Жалған
мәселелер
«Енді мәселе емес» – бұл мәселе шешілген, бірақ шешілмеген болып 
есептеледі.
«Әлі мәселе емес» – бұл мәселені шешудің алғы шарттары пісіп 
жетілместен бұрын пайда болған сұрақ.
«Тіпті мәселе емес» – бұл шешімі болмайтын мәселе, фиксация секілді 
жалған мәселе.
2 Шынайы
мәселелер
Объективті (нақты) белгілер:
нақты белгінің болуы зерттеліп отырған мәселе шынайы екендігін 
анықтауды талап етеді;
қарым-қатынас белгісі мәселені зерттеуге арналған шынайы 
нысандардың арасындағы байланысты анықтауға көмектеседі;
субординация белгісі іоның мәселелері мазмұнының 
бағыныштылығы дұрыс анықталған ба әлде қате ме деген мәселенің 
шынайылығын анықтайды;
барабарлық белгісі зерттеудің осы саладағы қолдағы нәтижесі туралы 
қорытындысы мәселенің белгісіздің шындық жағдайына сәйкестігін ал-
дын ала анықтауды бегілейді;
қажеттілік белгісі зерттеу мәселесі үшін алдын ала ұсынылған шынайы 
немесе болжамдық қарама-қайшылықты орнықтырады.
Сәйкестік белгісі:
алғышарт белгісі мәселенің негізі оны шешудің базасы болатын нақты 
мүмкіндіктерді болжамдайды;
сабақтастық белгісі мәселенің осы білім саласында бұдан бұрынғы 
жинақталған білімдермен байланысты қойылуын және жүзеге асырылу-
ын талап етеді. 
Формалды-логикалық белгі:
тексерімділік белгісі мәселенің құрамдас элементтері болатын 
мәселелерді ажыратуды айқындайды;
ақиқаттық белгі берілген мәселенің негізі болып табылатын сұрағы ту-
ралы пайымдаудың ақиқаттығының дұрыстығын тексеруді талап етеді. 
Бұл белгілермен сәйкес мәселеде қойылған сұрақтардың дұрыстығы 
анықталады. 
Жоғарыда сипатталған белгілерді түсіндіру зерттеушінің мәселені та бу-
дағы және оның атауын дұрыс қоя білудегі жұмысының сапасын бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Өзінің шешімін табу үшін мәселе модельді немесе мәселенің саналы 
және интуициялық шешімін тексеруге мүмкіндік тудыратын шығармашы-
лық танымдық міндеттерге айналуы керек. 
Зерттеу мәселесімен танысуда, оның сыртқы шегараларын анықтауда 
зерттеушіге төмендегідей ұсыныстар беріледі:


2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
116
– зерттеу мәселесінің деңгейін немесе жасақталуының дәрежесін 
анық тау, оны білім беру жүйесі немесе дидактиканың іргелі мәселелері 
үшін жасақтау;
– бұл мәселені айқын мойындау және қоғамның талабына сай осы 
мәселе бойынша білімнің қажеттілігін негіздеу; 
– зерттеу мәселесінің сабақтас ғылыми зерттеу жұмыстарымен ара-
қа тынасын нақты белгілеу, бұл дидактикалық мәселелерді шешудің ұқсас 
ғылымдардан ақпараттар алудың қаншалықты күрделі екенін түсіну;
– тақырыптың ғылыми жұмыстың келесі кезеңіне өтуге болмайтын 
мәселелік қырларын айқындау;
– зерттеу мәселесі мен тақырыбының арақатынасын анықтау; 
– мәселені дидактикалық ақиқаттың қандай бөлігінде шиеленісті 
жағдай байқалатын тақырыптың мазмұнды сипаттамасы ретінде қарастыру; 
тақырыптың бір, бірнеше немесе өте көп мәселелік қырларының 
болуы мүмкін екендігін білу;
– тақырыптың мазмұнды анықтамасы болатындай мәселеден тұруы 
және оның үстіне тақырыпты нақтылау зерттеу мәселесін туғызатындай бо-
луы қажеттігін білу;
– мәселенің мәнін, яғни қойылған фактілер және олардың теориялық 
мағынасының арасындағы қарама-қайшылық әртүрлі түсіндірмелер мен, 
фактілер арқылы көрсетілетінін білу;
– ғылыми мәселелер өздігінен шешілмейді, керісінше практика мен 
ғылыми әдебиеттерді терең зерделеудің нәтижесі, таным үдерісі мен оның 
белгілі бір тарихи кезеңінің қарама-қайшылығын көрсететіндігін білу;
– алғашқы негізгі ізденіс, қиыншылықты сезіну мақсатқа жету 
жолындағы қарама-қайшылық болып қалатыны туралы түсінігі болуы; 
– практикалық міндеттерден ғылыми мәселеге ауысу үшін екі қадам 
жасау: 
1) берілген практикалық міндеттерді шешу үшін қандай білімдер 
қажеттілігін анықтау; 
2) мұндай білімдердің ғылымда бар-жоғын табу.
Зерттеудің мәселесі, тақырыбы, көкейкестілігі өзара байланысты. 
Ғылыми мәселе сонымен қатар зерттеудің оған кіретін жекелеген та қы-
рыптары бойынша мүмкіндігінше жалпы түрде мақсат, нысан және зерт теу-
дің түпкі нәтижелерін анықтайды. 
Педагогикалық зерттеудің мәселесін анықтаудың және тақырыбын 
таңдаудың алгоритмі. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мына-
дай сұраққа жауап береміз: келешекте айналысатын мәселеміз қалай ата-
лады? тақырыпта бұрынғы білімнен жаңа білімге қарай қандай қозғалыс 
көрініс табады, яғни, бір жағынан, тақырып қандай кең ұғымдармен және 


117
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
мәселелермен сәйкестендіріледі, ал басқа жағынан, қандай жаңа танымдық 
және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді?
Тақырыпты дұрыс таңдау көп жағдайда оның орындалу сапасы мен 
нәтижесін анықтайды. Зерттеудің кез келген тақырыбы белгілі бір ғылыми 
бағытта орындалады. Ғылыми бағыт негізінде ғылым немесе ғылым кешені 
түсіндіріледі, техникалық, биологиялық, тарихи, педагогикалық және т.б. 
салаларда зерттеу жүргізіледі.
Сонымен, зерттеу тақырыбы зерттеу мәселесінің белгілі бір қыр ла ры-
ның, яғни аспектілерінің анық, қысқа берілуін талап етеді. Тақырып сол 
қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай 
болуы керек.
1. Зерттеушінің бірінші қадамы – зерттеудің объективті аймағын таң-
дау, сол саланың (біздің жағдайда – педагогикалық), маңызды мәселесінің 
ше шілуін талап етеді.
2. Келесі қадам – зерттеудің тақырыбы мен мәселесін анықтайды. Та-
қырып мәселені қамтуы керек, кезекті, тақырыпты анықтау мен нақтылауда 
зерттеушілік мәселені көрсету қажет. Мәселе – бұл белгіліден белгісізге, 
нақты «білім туралы білімсіздікке» көпір. Тақырып ғылыми зерттеуде бел-
гілі мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Ғылыми және диссертациялық жұмыстың тақырыбын дұрыс таң-
дауда сол зерттеген мәселеңе байланысты барлық әдебиеттерді, диссерта-
цияларды, авторефераттарды, шетел әдебиеттерімен танысып, оқып шығуға 
тура келеді.
4. Анықталған ғылыми мәселе ғылыми зерттеудің нақты тақырыбында 
өз көрінісін табады.
5. Тақырыпты таңдаудың басты кезеңі тақырыптың негізделуі түрінде 
құжатта көрінеді.
6. Жұмыстың аталуы өзінің негізгі мәселе мазмұнынан, зерттеу ныса-
нынан көрінеді.
7. Сізге зерттеу көздерін оқу және ой елегінен өткізу қажет:
1) Ғылыми жұмыстың тақырып мазмұнына байланысты маңызды 
бақылау сұрақтарына жауап беру қажет.
Тақырып (Сіздің зерттеу тақырыбыңыз):
– Не зерттеледі?
– Не үшін зерттеледі?
– Зерттеудің тақырыбы нені көрсетеді?
2) Түсініктердің айырмашылығын түсіндіріңіз: мәселе, сұрақ, қыры, 
мә селелік жағдаят.
3) Зерттеушілер үшін глоссарийді конспектілеп ой елегінен өткізу ке-
рек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет