Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет59/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
126
Осы белгілер әрі зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері бола 
алады [64].
Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің құрамында өзек-
тен дірудің келесі әрекеттері көрініс табады: объективті дүниенің жүйесі 
ре тіндегі зерттеу нысанын бөліп көрсету; сәйкессіздіктерді, қарама-қай-
шы лықтарды, мәселелерді айқындау; зерттеу тақырыбын нақтылау, зерттеу 
кө кейкестілігін анықтау. 
Жұмыстың атауы оның негізгі проблемасының мазмұнын қамтиды 
және соңғы нәтижені және зерттеу нысанын көрсетеді. Жұмыстың атауы 
анықтық, дәлдік, тұтас мазмұндық, бейнелілік және барабарлық талаптарға 
сәйкестігінен құралады. Зерттеудің атауы мен мазмұнында барабарлықтың 
болмауы елеулі кемшілік болып табылады. Сипатына қарай зерттеудің ата-
уы зерттеушінің алатын негізгі нәтижесін ашып тұруы қажет.
Ғылымды дамыту үшін жұмыстың жаңашылдығын анықтау, көшір ме-
ден сақтандыру неғұрлым маңыздырақ болып табылады. Ұсынып отырған 
ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңашылдығын бағалау 
әдістерін практикаға енгізу, әрине, бір жолға ғана акт болып табылуы мүм-
кін емес. Ол үшін белгілі бір ұйымдастырылған қайта құру, зерттеу нә-
тижелерін рәсімдеуге қойлатын талаптар енгізу, педагогика ғылымының 
әртүрлі саласы бойынша қолда бар тұжырымдардың эталондарын жасау 
қажет. Мұндай өзгерістер зерттеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігіне, 
педагогика ғылымы мен практиканы дамытуға оң көзқарасты танытады.
Педагогикалық зерттеудің сапасын бағалауға мүмкіндік жасайтын си-
пат тамасын бөліп қарауға болады: мәселе, тақырып, көкейкестілігі, зерттеу 
нысаны, оның пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері және қорғауға ұсы ны-
латын қағидалары, жаңалығы, ғылым үшін маңызы, тәжірибе үшін маңызы.
Мәселені қою дегеніміз – бұрын оқып-үйренілмегеннің ішінен нені 
жөндеу керек деген сұраққа жауап беру деген сөз. Ғылыми мәселені мін-
дет тен ажырату керек. Мәселеде ғылыми білімдегі ақаулар көрініс таба-
ды. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, келешекте айналысатынымыз 
қалай аталады? Тақырыпта ескі білімнен жаңа білімге қарай ұмтылыс бо-
луы керек пе деген сұраққа жауап іздейміз, теорияда бұл кең ұғымдармен 
және мәселелермен сәйкестендірілуі тиіс. 
Зерттеудің көкейкестілігін негіздеу, яғни бұл мәселені осы кезде неге 
зерттеу керек екендігін түсіндіру. Практикалық және ғылыми көкейкестілікті 
дәлелдеу керек. Зерттеуді бұлар сәйкестегенде ғана бастаудың мәні бола-
ды. Қазіргі ғылымда шешілген, бірақ белгілі себептермен ғылыми еңбектер 
практикаға жетпей қалуы ықтимал. Бүгінде бар ғылыми еңбектерге тағы 
ұқсас біреуін жазудың қажеті жоқ. Зерттелген мәселеге қайта күшті 
жұмылдырудың орнына мәселенің ғылыми шешімін практикалық қолда ну-
ға жеткізу дұрыс болып табылады.


127
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен тақырыбы, көкейкестілігі
Зерттеу нысанын анықтау дегеніміз – зерттеудің нені қарастырып жат-
қа нын пайымдау. Болжам мен қорғалатын қағидалар зерттеушінің объектіде 
анық көрінбейтін, басқалар байқамағанды көргені туралы түсінікті ашып 
көрсетеді. Болжам – фактілер негізінде объектінің бар екендігі, құ бы-
лыстардың байланыстары мен себептері туралы тұжырым жасалатынын 
алдын ала болжау. Бұл ретте тұжырым толық дәлелденген деп есептеуге 
болмайды. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайылығы мен 
шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шы-
найы емес екендігін анықтау – таным үдерісі.
Әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне қатысты қорғалатын 
қағидалардың біреуі: «Болашақ мұғалімнің әдіснамалық мәдениетін қа лып-
тастыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар мыналар болып табылады: 
студенттердің кәсіптік әрекеттің шығармашылық сипатын сезінуі; педагогика 
ғылымын практикалық әрекетті жетілдіру үшін пайдалануға ұмтылысы мен 
іскерлігін қалыптастыру; әдіснамалық білімдерді студент терге ұсынылған 
педагогика курсына енгізу; проблемалық оқытуды ұйым дас тыру» (А. Хо-
дусов). Бұл мысалда қажетті және жеткілікті жағ дай лар дың сипаттамасы 
маңызды. Дәлелденетін қағидаларда ол жағдайлармен ке лі спеушілікті алдын 
ала көру мен бұл тезистің қажеттілігін дәлелдеп қор ғау қажет. Кейбіреулер 
келтірілген шарттарды жеткіліксіз және бұл ті зімді толықтыру керек деп ай-
туы мүмкін. Бұған, керісінше, енді біреулер кел тірілген шарттардың біреуінің 
қажет екендігін жоққа шығаруы мүмкін, мы салы проблемалық оқытуды 
көрсетілген мақсатымен ұйымдастыру және т.б.
Типтік қате – болжамның ғылыми болжам ретінде дәлелдеуді қажет 
етпейтіндей түрде құрылуы. Егер көп және жақсы жұмыс істесе, нәтижелері 
жақсы болады, егер «дәстүрлі жұмыс істесе, нәтижелері нашар болады» де-
ген ақиқатты қорғап және дәлелдеудің керегі жоқ.
Өз жұмысының қорытындыларын шығара отырып, зерттеуші алынған 
нәтижелерінің жаңалығы туралы айтуға мүмкіндігіне ие болады да, ол 
басқалар жасалмағанның ішінен не жасалынғанын, қандай нәтижелер 
алғаш рет алынғанын көрсетеді. Оның үстіне зерттеу нәтижелерінің жа ңа-
лығы мен олардың ғылымдағы маңызы арасында мәнді айырмашылық бар. 
Нәтижелерінің жаңалығын сипаттай отырып, зерттеуші өзі қойған міндеттер 
шеңберінде қалады, оларды шешу барысында қандай жаңа білім алғанын 
көрсетеді. Алынған жаңа білімнің маңыздылығы болашақта жүргізілетін 
ғылыми жұмысқа қатысына байланысты анықталады.
Дегенмен кейде зерттеудің жаңалығы мен маңыздылығын ажыра-
та алмай, олардың сипаттамасын бір айдармен береді, екеуі бір нәрсе деп 
есептейді. Бұл дұрыс емес. Зерттеудің ғылыми маңыздылығын ажырату 
оны бағалауда шешуші мағынаға ие болады. Біздің жұмысымыз ғылым 
үшін маңызы жоқ деп есептейік. Онда оны ғылыми жұмыс деп атауға бол-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет