143
2.3. Ғылыми-педагогикалық
зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
өзіндік ізденіске деген дағдылары, белсенділіктері,
жаңа білімді игеруі,
теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алуы сияқты қабілетттер.
Көрсетілген нәтижелерге қол жеткізетін оқушылардың зерттеу іс-әре-
кеттерінің жүзеге асуын олардың шығармашылық әрекет етуімен тығыз
бай ланыстырған А.В. Леонтович: «Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті нә ти-
жесінде оқушылар теориялық материалды меңгеру, мәселені көре білу, бол-
жам жасай білу, зерттеудің әдістемесін игеру, жалпылау, жинақтау, талдау,
қорытынды жасай алу сияқты икемділіктерді игеретін шығармашылық ой-
лауды талап ететін іс-әрекет», – деп көрсеткен.
Зерттеу іс-әрекеттерін жоғарғы сыныптардағы оқушылардың ғылыми-
зерттеу жұмысының дәрежесіне көтерген зерттеушілер де бар. Атап айтатын
болсақ, ертеректе бұл мәселемен М.Г. Ярошевский және т.б. айланысқан бол-
са, соңғы уақытта бұл зерттеушілердің ізін А.П. Тряпицына жалғастыруда.
Олардың ойынша, жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұ мыс-
тары ғылымның зерттеу әдістерін пайдалана отырып жүргізіледі, оның
мақсаты: ғылымға жаңалық енгізу емес, ғылымдағы бар білімді зерттей оты-
рып, ғылымды жаңа идеялармен толықтыру. Ғылыми-зерттеу іс-әре ке тінің
нәтижесінде оқушылардың жоғары оқу орындарындағы
зерттеу жұ мыс-
тарына дайындығы қалыптасады, олар ғылыми терминологиямен танысады.
Жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дұрыс қою
мақсатында аталған зерттеушілер еңбектері оқушыларға арналған тақырып
таңдауға көмек бола алады. Ғалымдар зерттеу іс-әрекетімен айналысу ба-
рысында дұрыс бағыт беретін ғылыми жұмыстардың бірізділігі негізінде
құрастырылған кестелер мен қосымшалар, өз мүмкіндіктері мен білімдерін
анықтауға арналған сауалнамалар да ұсынған.
Біздің ойымызша, аталған әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, мұ-
ға лімдер мен жоғары сынып оқушылары зерттеу іс-әрекетін дұрыс бағытта
ұйымдастыра алады. Осыған байланысты жоғары сыныптардағы ғылыми-
зерттеу жұмыстарын атқаруға әр оқушының дайындығы болуы керек.
Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың өзектілігін көрсететін
себептер оқушылардың бойында қалыптасатын білім, білік, дағдылардың
көрсеткішімен тығыз байланысты. Көптеген ғалымдар қазіргі уақытта
оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін түрлі бағытта ұйымдастыруды көздеп
отыр.
Атап айтатын болсақ, зерттеу іс-әрекетін дарынды оқушыларды оқы-
тудың бір тәсілі ретінде қарастырған Ү.Б. Жексенбаева өз еңбегінде:
«Зерт теу – дарынды балаларды оқыту негізі.
Онсыз баланың әлеуеттік
қабі ле тін ашу, дамыту мүмкін емес», – деп оқу үдерісі барысындағы зерт-
теу тек дарынды оқушылардың жасай алатын жұмысы екендігін дәлелдей
ке ле, дарынды оқушылардың ізденушілік қабілетін қалыптастыру зерт-
теуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырыла-