163
2.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің
сапасын бағалау өлшемдері
– бұған дейін зерттелмеген құбылыстарда кездесетін жаңа түсініктер
мазмұнын ашу;
– белгілі ғылыми түсініктерде кездесетін жаңа сипаттамалар;
– жаңа заңдылықтар ашу;
– анықталған педагогикалық әрекеттің жаңа түрлерін негіздеу, зерт-
теу және т.б.;
– теориялық негіз құрайтын маңызды тәжірибенің міндеттерге негіз-
делген тұжырымдамасы;
– білім беру жүйесіндегі дамуды болжау мен мәнін түсіндіруге мүм-
кін дік беретін теория.
Ал жаңашылдықты бағалау көрсеткіштері:
– ғылыми жаңалық ашу;
–
тұтас ғылыми тұжырымдама;
– жаңа ғылыми тұжырымдамаларға толы жаңа ғылыми идея;
– белгілі ғылыми тұжырымдамалар көлеміндегі жаңа ғылыми идея;
– қолда бар ғылыми тұжырымдамаларды жаңа дәлелдемелермен, мә-
лі меттермен толықтыру;
– жаңа ғылыми көзқарас, мәселені жаңаша
тұрғыдан қарастыратын
ерекше ғылыми болжам ұсыну;
– педагогика ғылымының құрылымын анықтау;
– теориялық білімді түсіндіру;
– жаңа жүйені қалыптастырудың тарихи-педагогикалық және басқа
да анықтамалары;
– басты ұғымды ашу және олардың түсіндірілімі (құрылымы, қызметі,
мазмұны);
– педагогикалық жүйе
мазмұнының негізі;
– ғылыми жұмыстың кіріспесіндегі қазіргі заманғы ғылыми (қайта
табылған) деректемелер (мұрағат материалдары, жазбалар және т.б.);
– үдерістерді анықтау және педагогикалық феноменнің дамуындағы
перспективаларды табу;
– зерттеліп отырған мәселеге байланысты тұжырымдамалар, тұғырна-
ма лық әдістер мен теорияларды анықтау.
Педагогикалық зерттеудегі сапаны бағалаудың келесі өлшемдері –
зерттеудің негізділігі мен шынайылығы, сонымен қатар педагогикалық зерт-
теу лердің қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары. Зерттеудің өзектілігі
мен негіздемесіндегі көрсеткіштер төмендегідей:
– мәліметтер мен фактілердің жеткілікті тексерілген теорияларға не-
гізделуі;
– тұжырымдаманың тұғырнамалық және дерекнамалық тұрғыдан не-
гізделуі;
2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
164
– идеяны зерттеудің әртүрлі әдістерінде қолдануға болатындығының
мақұлдануы және нақты тұғырнамалық негізге ие болуы;
–
идея тәжірибелік талдаудан, тәжірибеден шығады (озық педа го ги-
калық тәжірибені тарату);
– зерттеудің кешенді әдісінің қолданылуы, әртүрлі зерттеу әдісі нә ти-
жесін өзара тексеру, мәліметтерді өзара салыстырудың қамтамасыз етілуі;
– зерттеу нәтижесінде өзіндік талдаудың және өзіндік тексерулердің
қолданылуы.
Педагогикалық зерттеулер сапасын талдаудың негізгі бірлігі оның нә-
тижесі болып табылады. Оны бағалау үшін мазмұны ашылып, ішкі бай-
ланыстарының құндылық жақтары көрсетілуі тиіс. Оның мазмұнын жаңа-
шыл өлшемдері сипаттаса, құндылығын теориялық және практикалық ма-
ңыз дылығы мен өзектілігі анықтайды.
Осы белгілер зерттеудің көкейкестілігін
бағалаудың өлшемдері бола
алады.
Іргелі зерттеу көкейкестілігінің деңгейлерін сипаттау үшін ең алды-
мен мәселені шешу, практикалық сұранысты қанағаттандыру, мәселенің
тео риясын жасау қажеттіліктеріне баса назар аударылады. Қолданбалы
зерт теулер мен жасалымдардың көкейкестілігін анықтауда практикалық
сұ раныс пен практиканың қанағаттанарлықсыз жайына (Оқу-тәрбие
үде рісі керек оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген бе?
Олар алға қойылған міндеттерді шеше алады ма?) басты көңіл бөлінеді.
Жұ мыс тар сондықтан да «көкейкестілігі жоғары», «көкейкесті зерттеу-
лер», «кө кей кес тілігі төмен», «көкейкесті емес» деп ажыратылады
(12-кесте).
12-кесте
Достарыңызбен бөлісу: