Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет72/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Педагогикалық ұғым», «педагогикалық термин», «педагогикалық дефиниция» 
түсініктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз және негіздеңіз.
2. Зерттеудің ұғымдық-терминологиялық аппаратын құрастырудың төрт кезеңін 
сипаттаңыз.
3. Магистрлік диссертацияңыздың негізгі ұғымдарының таңдау өлшемдерін жүйе ле-
ңіз.
4. Зерттеуші ұғымдарды таңдау кезінде ғылыми терминологияға қойылатын қандай 
талаптар басшылыққа алынады?


155
2.5. Зерттеудің қорғауға ұсынылатын қағидалары
5. В.С. Леднев енгізген «ғылыми білім» терминінің анықтамасын талдап, түсіндіріңіз. 
6. В.М. Полонский, В.И. Загвязинский, Л.В. Мардахаев, М.Н. Сарыбеков – жалпы 
ғылым және педагогика ғылымы әдіснамасы тезаурусын дамытушы ғалымдар.
7. Келесі докторлық диссертацияның базалық ұғымын нақтылаңыз: «Болашақ физи-
ка пәні мұғалімін кәсіби оқытудың дидактикалық негіздері» (А. Файзуллаев).
8. Дидактикалық зерттеудің ұғымдық-категориялық аппаратын қолдануға қойылатын 
талаптар қандай?
2.5. Зерттеудің қорғауға
ұсынылатын қағидалары
Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді оның сапасы мен тиімділігі жа-
ғы нан сипаттауға болады. Педагогикалық зерттеу нәтижелерінің мазмұнын 
ашатын негізгі ұғымдар «зерттеу нәтижелері», «ғылыми-педагогикалық 
зерттеу сапасы», «зерттеу сапасын бағалау критерийі (өлшемі)» түсініктері 
болып табылады. Зерттеу нәтижесі білім беру саласында жаңа білімге не-
месе шешімге ие, ақпараттық тасымалдауда бар ғылыми немесе ғылыми-
әдістемелік іс-әрекеттің өнімі ретінде сипатталады. В.М. Полонский пе да-
гогикалық зерттеудің нәтижелері мен тақырыбын сипаттайтын негізгі құ-
раушыларын былайша бөледі:
Нысандық құрауыш зерттеу өнімін пәндік-категориялық жағынан си-
паттайды, яғни жұмыстың нәтижесінде алынған тұжырымдаманы, әдісті, 
жіктеуді, қағиданы, ұсынысты, алгоритмді, т.б. көрсетеді. Ғылымның ба ғы-
ты мен ауқымына байланысты объектілік құрауыш жалпы ғылыми, жалпы 
педагогикалық немесе түрлі білім типтерінің нақты педагогикалық дең-
гейінде көрініс табуы мүмкін. Қайта қалыптастырушы құрауыш нысанға 
не болғанын: нақтылау, анықтау, өңдеу және т.б. көрсетеді. Нәтиженің нақ-
тылаушы құрауышы педагогикалық зерттеу нәтижелерінің нысандық бө-
лігінде қайта құрулар болып жататын түрлі жағдаяттарды, факторлар мен 
шарттарды нақтылайды.
Зерттеу нәтижелері ретінде: «алгоритм», «мүмкіндік», «болжам», 
«док трина», «заң», «заңдылық», «идея», «жіктеме», «тұжырымдама», «өл-
шем», «әдіс», «модель», «бағыт», «жалпылау», «түсіндіру», «сипаттау», 
«анық тама», «бекіту», «көрсеткіш», «түзету», «постулат», «алғышарт», 
«ереже», «ұсыныс», «тәсіл», «қағида», «мәселе», «жоба», «процеду-
ра», «үрдіс», «ұсыныс», «қасиет», «жүйе», «құрал», «қарқын», «теория», 
«тер мин», «терминология», «түсіндірме», «талап», «мәлімет», «сипат», 
«эм пирикалық білім» ұсынылады. Осы ұғымдардың ішінде «ғылыми-
педа гогикалық зерттеулердің сапасы» ғылым өнімін тұтыну бағасының 
мәнін түсіндіретін, оның қоғамға пайдалы сапаларын анықтайтын түрлі 
деңгейдегі тұтынушылар көрсеткішінің кешенін сипаттайтын ортақ ұғым 


2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
156
болып табылады. Педагогикалық зерттеулер сапасы жаңалығымен, бар лық 
тұтынушылар үшін теориялық және тәжірибелік маңыздылығымен өл ше-
неді. 
Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері жұмыстың мақсаттары мен мін-
дет теріне сәйкес теориялық және тәжірибелік жаңа идеялардың жиынтығы 
болып табылады. Бұл теориялық жаңа тұжырымдамалар, алғышарттар, 
бағыттар, идеялар, болжамдар, заңдылықтар, жіктемелер, оқыту мен тәр-
бие леу қағидалары, оларды нақтылау, дамыту, толықтыру, тексеру, бекіту, 
жоққа шығару; тәжірибелік ұсыныстар (жаңа әдістемелер, ережелер, алго-
ритмдер, ұсыныстар, нормативті құжаттар, бағдарламалар, бағдарламаларға 
арналған түсініктеме жазбалар).
Қорғауға ұсынылатын қағидалар – бұл зерттеушінің қорғауды қажет 
ететін зерттеуінің нәтижесін дәлелдеуі. Онда зерттеудің мәніне қарай 
автордың болжамда ұсынған идеясы ашып көрсетіледі. Басқаша айтқанда, 
ізденуші болжамда көрсетілген идеясын қорғап шығуға тиісті. Қорғауға 
шығарылған қағиданың мазмұны да дәл осыны сипаттауы керек. Қорғауға 
ұсынылған қағидалар нөмірленген тезистер ретінде тұжырымдалады. Әрбір 
тезис мазмұндағы ең маңызды мәселелерді қысқаша баяндауға арналады. 
Диссертацияда мұндай қағидалар үш-төрт, ал кейде одан да көп болуы 
мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар зерттеу жұмысының маңызды бөлігі 
болып табылады. Қорғауға ұсынылатын қағидаларға қойылатын талаптар:
– зерттеу мен оның нәтижелерінің маңыздылығын, көкейкестілігін 
және алынған бағыттың өміршеңдігін дәлелдеу;
– ізденістің аса мәнді нәтижелерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін, 
түпнұсқалығын, жаңалығын сипаттау;
– зерттеудің нақты дәлелдеуге болатын тиімділігін көрсету (әлеу мет-
тік, экономикалық; тікелей, кейін, жанама);
нәтижелердің сипатталуының нақты болмауы, талас тудыруы.
Профессор Б.Т. Барсайдың «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы док-
торлық диссертациясы бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі қағидаларға 
тоқ талайық. Олар: 
1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық 
құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары: тұлғалық тұғыр 
– студенттердің өздерін субъект ретінде сезінуіне көмектеседі; әрекеттік 
тұғыр – болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің құры-
лы мын және мазмұнын меңгеру тетігін айқындауға мүмкіндік жасайды; 
жүйелілік тұғыр – кәсіби әрекет барысында студенттерде кәсіби-ди дак ти-
калық құзыреттілікті әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және тех но ло-
гиялық компоненттер бірлігінде қарастырады; ақпараттық тұғыр – болашақ 


157
2.5. Зерттеудің қорғауға ұсынылатын қағидалары
мұғалімнің ақпараттар кеңістігінде еркін жұмыс істей алуына бағыттайды; 
мәдениетнамалық тұғыр – студенттердің қоғаммен, адамдармен қарым-қа-
ты настағы өркениеттілігінің, мәдениетінің негізі.
2. Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерін дайындауда олардың 
кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесін құрудың тео-
рия лық негіздері – тұлғалық-бағдарлы білім беру теориясы болашақ бас-
тауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалып тас-
тырудың басты бағдары, педагогикалық үдеріс теориясы – болашақ мұ-
ғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың объектісі, 
іс-әрекет теориясы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидак ти-
ка лық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғыры, пәндердің 
интеграциясы туралы теориялар – болашақ бастауыш сынып мұғалімінің 
кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың негізі ретінде қа рас-
тырылады.
3. «Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидак ти-
ка лық құзыреттілігінің – педагогтің жеке бас сапалары мен оның пси хо-
логиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби және дидак-
тикалық құзыреттілігінің үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз 
дамыта білу қабілеті» деп айқындалуы «бастауышта оқытылатын барлық 
пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір 
пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда қол-
данылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде ди дак-
тикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары менз аңдылықтарын, оқыту 
формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін, т.б.) жүзеге асыруға 
қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен анық-
талатын кәсіби сапасы» деп нақтыланған бастауыш сынып мұғалімінің ди-
дактикалық құзыреттілігінің анықтамасы негізінде ұсынылады.
4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзы-
реттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жалпыдан жекеге 
логикасы бойынша әдіснамалық, теориялық, оқу-әдістемелік және ақ па-
раттық технологиялық қамтамасыз ету түрінде ұсынылады.
5. Әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компо-
ненттерге сәйкес өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлеріне негізделіп 
түзілген болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзы-
рет тілігін қалыптастыру моделі.
6. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерініңкәсіби-дидактикалық құзы-
реттілігі олардың бастауыш сынып оқушыларына білімді дүниенің ғылыми 
бейнесі негізінде меңгертетін сапалы білім беруге мүмкіндік жасайды.
Тағы бір мысал үшін П.Ш. Маханованың «Оқушылардың оқыған-
ды ғының диагностикасы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы
бойынша қорғауға ұсынылатын қағидаларды тұтасымен қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет