Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет285/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   542
369

Т-лимфоциттерге айналады. Айырша без қатерлі ісіктің да-

муына қажет күрделі жағдайларды қалыптастыруда белгілі рөл 

атқарады деген болжамдар бар.

Сент Джорджи айырша безден промин жəне ретин деп аталған 

екі зат бөліп алған. Промин қауіпсіз жəне қатерлі ісіктердің да-

муын жандандырған, ал ретин - оларды баяулатқан. Қазіргі кезде 

мұндай заттар басқа ұлпалардан да бөлінген.

Айырша безді сылып тастағаннан кейін жас малдың өсіп-

дамуы баяулап, минеральды тұздар мен белоктардың алмасуы 

бұзылады, сүйек жұмсарып, майысады, бұлшық ет дегенера-

ция процесіне ұшырап, оның тонусы төмендейді, ет болбырап, 

жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет бұзылады, ацидоз жағдайында 

мал 2–3 ай ішінде өліп кетеді. Сақа малда аталған құбылыстар 

байқалмайды.

Айырша без басқа ішкі секреция бездерімен күрделі қатынаста 

болады. Малды ерте піштірсе, айырша безде жаспен байланыс-

ты туындайтын өзгерістер жүрмейді. Оның сығындысы егілген 

малда жыныстық жетілу тежеледі, гипофиздің тиреотроптық 

гормонының бөлінуі күшейеді. Айырша без қалқанша без бен 

бүйрек үсті бездерге ықпал етеді, тироксиннің əсерін бəсеңдетеді. 

Оны сылып тастағаннан соң аталған бездердің көлемі үлкейіп 

кетеді. Өз кезегінде айырша без басқа гормондар əсеріне 

сезімтал. Бүйрек үсті безі гормондары бұл бездің кері дамуын 

шапшаңдатады, ал қалқанша без гормондары айырша бездің 

үлкеюіне, өсуіне ықпал етеді. Жыныс гормондары, гипофиздің 

гонадотроптық гормондары айырша безді семдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет