орналасқан жұп орган. Олардың жалпы массасы жылқы мен
қабығынан) дамиды да, интерральдық ұлпадан құралады. Боз-
370
аймаққа бөлінеді. Əр аймақ өзіне
тəн гормондар түзеді. Шоғырлы ай-
мақ торшалары арасында кеуекті
торшалар – спонгиоциттер орнала-
сады.
Бозғылт зат хром тұздарының
əсерінен сарғыш түске боялған
хро маф финдік торшалардан құрал-
ған. Бұл қабатта көптеген жүйке
талшықтары (симпатикалық) мен
ганглиоздық жүйке торшалары кез-
деседі.
Организмде негізгі бүйрек үсті
бездерден басқа не қыртысты зат-
тан, не бозғылт заттан, кейде аталған
екі бөлік те болатын майда бездер де
кездеседі. Құстарда без қабаттарға
бөлінбейді, хромаффиндік торшалар бүкіл без ұлпасында быты-
рап жатады.
Бүйрек үсті бездері қанмен мол жабдықталады, симпатикалық
жүйке талшықтарымен жүйкеленеді.
Бездердің əр қабатының физиологиялық маңызы əртүрлі. Ар-
наулы операция арқылы бездердің қыртысты бөлімін сылып та-
стаса, мал өліп қалады. Бозғылт заттың сақталуы малды өлімнен
құтқармайды. Демек, бүйрекүсті бездердің қыртысты қабатының
тіршіліктік маңызы зор.
Бездің қыртысты бөлігі аймақтарының да физиологиялық
маңызы əрқилы. Шумақты аймақта - минералкортикоидтар, шо-
ғырлы аймақта - глюкокортикоидтар, торлы аймақта - андрокор-
тикоидтар түзіледі.
Бүйрек үсті бездердің қыртысты қабатынан 40-тан астам заттар
бөлінген. Олардың тек бесеуі ғана (дегидрокортикостерон, корти-
костерон, альдостерон, кортизон, гидрокортизон) биологиялық
белсенділігімен ерекшеленеді. Аталған биологиялық белсенді
заттардың үшеуі ғана - альдостерон, кортикостерон жəне гидро-
кортизон, нағыз гормондар, ал басқа қосылыстар осы гор мон-
дардың алмасу өнімдері болып табылады.
Бездің қыртысты қабатында түзілген гормондар:
1) минералокортикоидтар - альдостерон, дезоксикортикостерон;
2) глюкокортикоидтар - гидрокортизон, кортизон, кортикостерон;
3) андрокортикоидтар - андрогендер (андростендион, андросте-
Достарыңызбен бөлісу: