Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте.  Əртүрлі жануарлар эякулятының мөлшері жəне ондағы



Pdf көрінісі
бет299/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

35-кесте.  Əртүрлі жануарлар эякулятының мөлшері жəне ондағы 

спермийлер саны

Жануарлар

Эякулят

мөлшері, мл

Спермийлер

саны, млн/мл

Спермийлердің 

жалпы саны, млрд

Шағылысу 

кезін де  эякулят 

ендіріле тін ағза

Бұқа 


Айғыр 

Қошқар 


Қабан 

Қораз


4-8

30-150


0,8-1,2 150-

500 0,3-0,4

1200-1800 

100-150 


2000-3000 

200-300 


3000-3500

4-14


3-15

2-4


40-50

0,3-0,4


қынап

жатыр (мойыны) 

қынап жатыр 

(мойыны) қынап



Шəуеттік плазма негізінен қосалқы жыныс бездерінің сек-

реті болып табылады. Плазма жыныс торшаларын тұрақтанды-

ра 

тын, сұйылтатын, белсендіретін жəне қоректендіретін орта 



құрайды. Ол жыныстық торшалардың плазмалық мембранасын 

тұрақтандырады. Плазма құрамында простагландиндер, андро-

гендер, акросоманы ерітетін ферменттер, антиагглютининдер 

(қуық безі секретінде), инозит, фруктоза, аскорбин жəне лимон 

қышқылдары болады. Қосалқы бездер секреті аталық жыныс 



395

торшаларының қимылдағыш қасиетін арттырады. Қабанның 

баданалық бездерінен бөлінген секрет құрамындағы желатин 

фракциясы жыныс жолдарын тығындап, шəуеттің кері ағып 

кетуіне мүмкіндік бермейді.

Жыныстық торшалардың да құрамы күрделі, олардың 25%-ын 

құрғақ зат, 75%-ын су құрайды. Құрғақ заттың 85 %-ы белоктан, 

13,2 %-ы липидтерден жəне 1,8 %-ы минеральды заттардан тұрады. 

Спермийлерде көп мөлшерде (2,7% шамасында) фосфор бола-

ды, оның концентрациясы торшаның бас бөлігінде 4%-ға жетеді. 

Сперматозоидтың бас бөлігінде ДНК-мен байланысқан белоктар 

көп мөлшерде кездеседі. Акросомада мукополисахаридтердің 

де болатыны анықталған. Сперматозоидтың басқа бөліктері 

- мойыны, денесі, құйрығы белоктардан, еркін липидтерден 

жəне тұздардан құралған. Оның құрамында торшадағы тотығу 

процесін қамтамасыз ететін ферменттер де болады.

Қалыпты спермийлерге сұйық ортада алға қарай, түзу бағытта 

қимылдайтын қасиет тəн. Олардың қимыл мүшесі мойыны мен 

денесі болып табылады. Қимыл кезінде спермий құйрығы бір 

жағына жылдам-жылдам майысып, қайта жазылып отырады. 

Осымен байланысты қасық пішіндес торша басы өз осінде айна-

лады да, сперматозоидтың басқа бөліктерін де бұралуға мəжбүр 

етеді. Бұл спермийді айналмалы қозғалыстан сақтап, оның алға 

қарай түзу бағытта қозғалуына мүмкіндік береді.

Спермийлердің өміршеңдік қабілеті орта температурасына, 

өздері жүзген сұйық құрамына байланысты өзгеріп отырады. 

Дене температурасы жағдайында (37–39

0

С) олар өте белсенді 



қозғалады. Температура төмендесе, олардың қимылы баяулап, 

00С шамасында спермийлер анабиоз жағдайына көшеді.

Спермийлер ортаның осмостық қысымының ауытқуларына 

да өте сезімтал. Гипотониялық ерітінділерде олар ісінсе, 

гипертониялық ерітінділерде бүрісіп қалады. Бұқа мен 

қошқардың жаңа бөлінген шəуетінің əрекетшіл ортасы бейта-

рап (рН – 7,0) немесе əлсіз қышқыл (рН 6,7–6,9), ал айғыр мен 

қабан шəуетінің реакциясы - сілтілік (рН 7,2–7,6). Шəуеттің 

қышқылдығы аз деңгейге жоғарыласа, спермийлер өлмегенімен, 

олардың қимылы баяулайды. Қышқылдық тым жоғарылап кетсе

олардың қимылы тоқтап, торша өліп қалады. Шəуеттің сілтілігін 

жасанды түрде жоғарылатса (мысалы, сода қосу арқылы), ал-

дымен спермийлердің қимылы күшейеді де, соңынан олар өліп 

қалады.


Спермийлер қуатты екі жолмен алады: тыныс алу нəтижесінде 


396

жəне гликолиз бен фруктолиз процесі арқылы. Бұқа мен қошқар-

да осы екі жол да орын алады. Ал, айғыр мен қабан шəуетінде 

қанттар жоқтың қасы, сондықтан олардың спермийлері қуатты 

тыныстық жолмен алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет