Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Үй құстарының көбею ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет319/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

12.14. Үй құстарының көбею ерекшеліктері

Қалыпты жағдайда мекиендерде тек сол жақ аналық без бен 

сол жұмыртқалық жол дамиды. Эмбриондық даму кезеңінде 

оң жақ без бен жұмыртқалық жол да қалыптасады, бірақ олар 

жетілмей қалады.

Аналық без əртүрлі даму сатысындағы фолликулалар жиын-

тығы болып табылады да, сырт жағынан жүзім шоғырына ұқ-

сайды. Мысалы, тауықтың аналық безінде 500-ден 3500-ге фол-

ликулалар кездеседі.

Аналық без екі қабат қабықпен (эпителийлік жəне дəнекер 

ұлпалық) қапталады. Фолликулалар дəнекер ұлпалық тұлғада ор-

наласады да, эпителийлік торшалармен қоршалған ооциттерден 

тұрады. Жыныстық жетілу кезінде жəне жұмыртқалар алдында 

аналық безде сарыуыз пайда болады. Фолликулалық эпителий 

əртүрлі химиялық құрамды липопротеид массасын түзеді, осы-

мен байланысты жұмыртқаның сарыуызында ақшыл жəне сары 

қабаттар пайда болады. Жетілген сарыуыз пішіні жағынан шарға 

ұқсас. Оның сəл қысыңқы беткейінде диаметрі 1–2 мм шамасын-

да  ақ дақ - ұрық табақшасы (шын мəнісіндегі аналық торша

орналасады.

Аналық безде жетілу үстіндегі сарыуыз екі қабықпен қап-

талады. Оның ішкісі - сарыуыздық қабық. Ол сарыуызды толық 

қоршай орналасқан, өте жұқа, бір қабат торшалардан тұратын 

құрылым. Екінші сыртқы қабық - көп қабатты, тығызырақ 

құрылым. Ол ерекше байлам арқылы аналық без ұлпасын сарыу-

ызбен байланыстырады. Қабықтың сырт жағында жетілген сары-




422

уыз үзіліп түскенде пайда болатын сопақша бозғылт түсті жолақ 

түрінде тыртық - стигма болады. Сарыуыз жетілгеннен соң фол-

ликула қабығы стигма тұсында үзіледі де, сарыуыз жұмыртқалық 

жолдың шанағына түседі. Сарыуыз толығымен 14 күн ішінде 

пайда болады. Аналық бездің фолликулалық қабығы сарыуыз 

бөлінгеннен соң солады да, соңынан толығымен сорылып кетеді. 

Құстарға тəн ерекшеліктің бірі - жарылған фолликулалар орнын-

да сары дененің пайда болмауы.

Құстың жұмыртқалық жолы шажырқайға ілініп тұрған түтікше 

түрінде болады. Ол шанақ, белоктық бөлік, мойнақ, жатыр жəне 

қынап бөлімдеріне бөлінеді. Оның алдыңғы бөлігі аналық бездің 

астында шанақ бейнесінде ашылады да, арт жағы саңғуырға 

(клоакоға) жалғасады (143-сурет). Жыныстық жетілуден соң 

жұмыртқалық жол кеңиді. Оның жалпы массасы тауықтарда 50 г, 

ұзындығы 15–60 см, ал диаметрі 6 см шамасында. 

Жұмыртқалық жол қабырғасы үш 

қабаттан тұрады. Сыртқы қабат құрсақ 

қуысының сірлі (перитонеальдық) қа-

бы 


 

ғының жал 

ғасы болып табылады. 

Ортаңғы қабат бойлама жəне көл денең 

бағытта орналасқан ет талшықтарынан 

түзілген. Ішкі қабат негізінен кілегейлі қабықтың эпителийлік 

торшаларынан құралған. Эпителийлік торшалардың астында 

өзектері жұмыртқалық жол қуысына ашылатын көптеген түтікше 

жəне альвеолалы бездер орналасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет