Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі



Pdf көрінісі
бет373/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

15.4. Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі

Жиырылу дегеніміз - жүйке импульстерінің əсерімен ет тал-

шықтарындағы миофибриллалар аппаратының механикалық 

күйінің өзгеруі. Бұлшық еттің жиырылуы оның ұзындығының 

қысқаруымен немесе ширығу деңгейінің өсуімен бейнеленеді, ал 

көп жағдайда осы екі құбылыс та қатар жүреді.

Бұлшық еттің жиырылу механизмі өте күрделі, сондықтан 

оны түсіндіру мақсатында бірнеше теория ұсынылған. Ал-

ғашқы теория – актомиозиндік теория. В. А.Энгельгардт пен 

М. Н. Лю 

бимова 1939 жылы миофибриллалар құрамындағы 

мио 

 

зин белогына АТФ-аза ферментінің қасиеттері тəн екенін 



анық таған. АТФ əсерімен миозин жіпшелері қысқарып, ет жиы-

рылады. Осыдан кейін Венгрия биохимигі А.Сцент-Дьорди ет 




497

талшығының құрамында екінші – актин белогының да болаты-

нын анықтады. Ол миозинмен əрекеттесіп, актомиозин кешенін 

түзеді. Актомиозиннің ферменттік белсенділігі миозиннен 10 есе 

артық. Осы аталған деректер актомиозиндік теорияның негізіне 

алынған. Бұл теория бойынша актомиозин АТФ-ті ыдыратып, 



бөлінген қуат есебінен өзі жиырылады.

Мейер ұсынған жіпшумақтық (мицелярлық) теория бойынша 

миозин молекуласы өзара пептидтік байланыс арқылы біріккен 

амин қышқылдарының ұзын тізбегінен құралады. Бұл амин 

қышқылдары коллоидтық бөліктерге - мицеллаларға топтасады. 

Тыныштық жағдайында мицеллалар шиыршық (спираль) түрінде 

орналасады. Бұлшық ет қозған кезде əрекетшіл ортаның өзгеруі 

нəтижесінде бұл шиыршық бүйірінде оң жəне теріс зарядталған 



иондар тобы пайда болады. Олардың электростатикалық тарты-

луы нəтижесінде ет талшығының ұзындығы қысқарады, ет жиы-

рылады.

Қазіргі кезде актомиозиндік теория одан əрі дамуын та уып 

отыр. Электронды микроскопиялық зерттеулер нəтижесінде 

А. Ходжкин протофибриллалардың «сырғанауы» атты теория 

ұсынды. Бұл теорияға сəйкес тыныштық жағдайында актин 

жіпшелері өздерінің ұшымен миозин жіпшелерінің арасына еніп 

жатады. Бұлшық ет қозған кезде актин мен миозин арасындағы 

құрылымдық жəне физикалық-химиялық байланыстар өзгеріп, 

актин жіпшелері миозиннің бойымен саркомердің ортасына 

қарай жылжи бастайды да, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет