Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет394/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   542
521

17-т а р а у 

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ВЕГЕТАТИВТІК БӨЛІМІНІҢ 

ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Соңғы кезге дейін адам мен жануарлардың жүйке аппараты 

бір-біріне тəуелсіз, дербес екі жүйеден - анималдық (аnіmal (лат.)-

жануар) жəне вегетативтік (vegetatіvus - өсімдіктік), құралған де-

ген тұжырым қалыптасқан болатын. Бұл ұғымның негізін XVІІІ 

ғасырдың соңында француз дəрігері əрі физиологы Мари Фран-

суа Биша салған. Организмге тəн қызметтерді де ол екі топқа 

бөлген. Бірінші топты тек жануарларға тəн қызметтер құраса, 

екінші топқа жануарларға да, өсімдіктерге де ортақ қызметтер 

немесе вегетативтік функциялар жатқызылған.

Биша жіктеуіне сəйкес түйсік, қимыл-əрекет, сөйлеу қабілеті 

анимальдық функциялар тобын құрайды, ал қоректену, өсуі, 

көбею – вегетативтік қызметтерге жатады. Осымен байланыс-

ты жүйкенің жануарларға тəн қызметтерді реттейтін бөлігін 

анимальдық, ал өсімдіктерге тəн қызметтерді реттейтін бөлігін 

вегатативтік деп атаған. Сонымен, анимальдық (тəндік) жүйке 



жүйесі организмнің сезімдерін, қимыл-əрекеттерін қамтамасыз 

етсе,  вегетативтік жүйке жүйесі бүкіл ішкі ағзалардың, қан 

тамырларының, тер бездерінің жүйкеленуін, жеке ағзалардың 

нəрленуін қамтамасыз етеді. Анимальдық қызметтерді орталық 

жүйке жүйесі, ал вегетативтік қызметтерді арнаулы жүйке 

түйіндерінен құралған вегетативтік жүйке жүйесі реттейді деп 

саналған.

Ұзақ уақыт вегетативтік жүйке жүйесі ми мен жұлынға тəуелсіз 

автономды жүйе ретінде танылып келді. Тек XX ғасырдың ба-

сында вегетативтік жүйке жүйесі жайлы ілімде үлкен өзгерістер 

қалыптасты да, қазіргі кезде Биша тұжырымдары тарихи дерек 

ретінде ғана көңіл аударады.

Вегетативтік жүйке жүйесі жайлы қазіргі кездегі ілім əлемнің 

көптеген талантты ғалымдарының зерттеулері негізінде жасалды. 

Ағылшын ғалымдары Дж. Ленгли, Г. Гаскелл, неміс зерттеушілері 

И. Шифф, И. Мюллер, француз оқымыстылары М. Ф. Биша, 

Браше, американдықтар – Ч. Кеннон, Гелльгорн, Швейцария 

ғалымдары В. Гесс, Моннье, орыс физиологтары И. М. Сече-

нов, И. П. Павлов, Л. А. Орбели, А. Д. Сперанский, Л. С. Штерн, 

т.б. еңбектерінің нəтижесінде вегетативтік жүйке жүйесінің 




522

құрылысы мен қыз меті жайлы көптеген деректер жинақталып, 

жаңа көзқарас қа лып тасты, вегатативтік реакциялардың күрделі 

табиғаты анық 

талды. Атап айтқанда, организмнің вегататив-

тік қызметінің ани мальдық функциялар сияқты орталық жүйке 

жүйесімен бас  қарылатыны дəлелденді. Бұл тұрғыдан В. Я. Да-

нилевский зерт теулері зор рөл атқарды. Ол 1875 жылы мидың 

маңдай бөлігін тітіркендіргенде жүрек қызметінің, тыныстың 

өзгерітінін дəлел деді. Н. А. Миславский сопақша мида тыныс 

пен қан айналымын реттейтін орталықтарды ашты. Осындай 

зерттеулердің нəтижесінде вегетативтік жүйке жүйесінің автоно-

миясы туралы ұғым жойылып, оның біртұтас жүйке аппаратының 

бір ғана бөлімі екендігі туралы көзқарас қалыптасты. Қазіргі кез-

де шеткей жүйке жүйесін тұлғалық (тəндік) жəне вегетативтік 

деп екі бөлімге бөледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет