Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет390/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

178-сурет. Синапс қызметінің сызбасы: 

А – коздырғыш, Ə – тежегіш синапс: 1 

- медиатор көпіршіктері; 2 - пресинапстық мембрана; 3 - постсинапстық мембрана; 

4 - синапс саңылауы; Ек – үйексіздену шегі: ШП – шектелген потенциал; ҚПСП 

қоздырушы, ТПСП – тежеуші постсинапстық потенциалдар; ƏП – əрекет потен-

циалы


Синапстың постсинапстық мембранасы аймағында холинэ-

стераза ферменті болады. Оның əсерімен жүйке ұшынан бөлінген 

ацетилхолин тез ыдырайды да, синапс бастапқы күйіне оралады.

Ацетилхолин тек жүйке импульсінің əсерімен ғана емес, аз 

мөлшерде тыныштық күйде де бөлініп отырады. Осының сал-

дарынан постсинапстық мембранада баяу үйексіздену процесі 

жүреді де, əлсіз постсинапстық потенциал туындайды. Оның 

мөлшері 0,5 мВ-тан аспайды.

Əрекет табақшасы потенциалы (ƏТП) жүйкенің əрекет по-

тенциалымен салыстырғанда, өзіндік бірнеше ерекшеліктері 

бар. Мысалы, ƏТП ұзағырақ созылады жəне оның шыңы күрт 

биіктеп (1,0-1,5 мс) баяу төмендейді (3,5-6 мс ішінде). ƏТП «ба-

рынша немесе ешнəрсе жоқ» заңына бағынбайды. Оның ампли-



516

тудасы жүйке ұшынан бөлінген медиатордың мөлшеріне жəне 

постсинапстық мембрананың сезімталдығына қарай өзгеріп 

отырады. Медиатор неғұрлым көп бөлінсе, постсинапстық 

мембрананың сезімталдығы неғұрлым жоғары болса, ƏТП ам-

плитудасы соғұрлым биік болады. Жүйке импульстері белгілі 

жиілікпен туындаған жағдайда  постсинапстық потенциалдардың 

жинақталуы мүмкін.



Синапсқа бірнеше физиологиялық қасиет тəн. Олар қозуды 

бір бағытта өткізеді, қозу толқынының таралу шапшандығын ба-

яулатады (қозуды бөгейді). Синапсқа қажу құбылысы тəн, себебі 

онда зат алмасу процесінің қарқыны жоғары болады.

Бірыңғай салалы еттердегі синапстың құрылымы қаңқа еттері 

синапстарымен салыстырғанда əлдеқайда қарапайым келеді. 

Аксондардың жіңішке шоғырлары мен олардың жеке тармақта-

ры ет торшалары арасында тостаған пішінде кеңейеді де, оның 

ішінде ацетилхолин немесе норадреналин медиаторларына 

толған көпіршіктер орналасады. Бірыңғай салалы еттердегі си-

напстардан қозу импульсі əртүрлі медиаторлардың қатысуымен 

таралады. Мысалы, ас қорыту жолы еттерінде, ауатамырлар-

да қозу ацетилхолинді бөлу арқылы таратылса, қан тамырла-

рында норадреналин бөлу арқылы беріледі. Сонымен қатар қан 

тамырларының бірыңғай салалы еттері үшін норадреналин, ал 

норадреналин арқылы қозатын еттерде - ацетилхолин тежеуші 

медиатор рөлін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет