Қалың ет пердесі оны оң жəне сол бөлімге бөледі. Көлденең
пердемен жүрек жүрекше мен қарыншаға бөлінеді. Сонымен,
69
14-сурет. Жүректің ішкі құрылысы:
1 - жо-
ғар ғы қуыс вена; 2 - оң жүрекше; 3 - ашық күйдегі
үш жармалы қақпақша; 4 - оң қарынша; 5 - өкпе
ар териясы; 6 - өкпе венасы; 7 - сол жақ жүрекше;
8 - жабық күйдегі қос жармалы қақпақша; 9 - сол
жақ қарынша; 10 - еміздікше еттер; 11 - қолқа;
12 - жар ты айшық ақпақшалар. Нұсқамалар қан
ағысының бағыттарын көрсетеді
екі жүрекшеден жəне екі қарыншадан
тұрады (14-сурет). Жүрекшелер мен
қарыншалар жармалы қақпақшалары
бар арнаулы тесік арқылы жалғасады.
Бұл қақпақшалар тек қарынша ба
ғы-
тын да ашылады. Қарыншалар жиы рыл-
ған кезде олар жабылады да, қанның жүрекшелерге кері оралуы-
на мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші жəне үлкен шеңберлердің
басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқа тесіктерінде) тек та-
мырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық қақпақшалар
болады. Жүрек босаңсыған кезде бұл қақпақшалар жазылып,
тесікті жабады да, қанның қарыншаға кері оралуына бөгет жасай-
ды. Сонымен, қақпақшалар қанды жүрек арқылы тек бір бағытта -
вена тамырларынан жүрекшелерге, олардан қарыншаларға, ал
қарыншалардан артерияларға (15-сурет) өткізеді.
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты - эндо-
кард, ортаңғысы - миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.
Эндокард - жүрек қабырғасының ішкі беткейін астарлап жат-
қан жұқа қабықша. Ол бірыңғай салалы ет ұлпасы мен сер пімді
талшықтардан түзілген.
Миокард – жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүрек ка-
ме раларының атқаратын қызметіне байланысты. Қарыншалар
қабырғасы жүрекшелер қабырғасынан, сол қарынша миокарды
оң қарынша миокардынан қалыңдау. Ол жүрек камерасының ат-
қаратын қызметіне байланысты.
Жүрекшелер мен қарыншалар миокарды бір-бірімен жал ғас-
пайды. Жүрекшелер қабырғасының ет талшықтары екі бағытта
орналасады. Беткей қабаттың ет талшықтары екі жүрекшені қам-
ти ораса, ішкі қабат талшықтары əр жүрекшені жекелеп орайды.
Қарыншалар миокарды сыртқы, ортаңғы жəне ішкі қабаттар-
дан түзіледі. Сыртқы (беткей) қабат талшықтары қарыншаны
бойлай орналасады. Олар жүрекше мен қарынша аралық сіңірлі
сақинадан басталып, төмен жайылып жүрек ұшына жетеді де,
иіле келе миокардтың ішкі (терең) қабатына айналады. Ішкі қабат