Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Қан тобының тұқым қуалау заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет42/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   542
10-кесте. Қан тобының тұқым қуалау заңдылықтары

Əке қанының 

топтары

Ана қанының топтары

О

А

В



АВ

О

А



В

АВ

О



О немесе 

А        А

О немесе 

В       В

А немесе 

В

 О немесе 



А         А

О немесе А

О немесе А

О немесе В 

Онемесе АВ

А немесе В 

А немесе 

АВ

Онемесе В 



Онемесе А

Онемесе В

О немесе А

А немесе В

А немесе В

А немесе 

АВ 

А немесе В



А немесе В

А немесе В

А немесе В

А немесе АВ

А немесе В

А немесе АВ

Қазіргі кезде қан тобы жайындағы ілім өте күрделіленіп кетті. 

Мысалы, А агглютиногені бірнеше түрге бөлінетін көрінеді (А

2



А



З

  А


4

, А


5

). Қан сарысуындағы агглютининдердің белсенділігі 

төмен болса, онда агглютинация байқалмай, екінші топты жа-

ңылып, І топ ретінде қабылдау мүмкін. Сонымен қатар, А мен 

В агглютиногендерінен басқа эритроцит құрамында М, N, S, Р, 

К жəне т.б. агглютиногендер болатын көрінеді. Бұл агглютино-

гендерге қарсы агглютининдер болмайды жəне олар организмде 

түзілмейді, сондықтан оларға көңіл бөлінбейді. 




62

Мал қанының топтарына келсек, əлі күнге дейін белгісіз жай-

лар көп. Мал эритроциттерінде көптеген агглютиногендер бола-

ды. Сондықтан оларды төрт топқа бөле салу мүмкін емес. Əрбір 

топты бірнеше агглютиногендер түзеді, сол себептен мал қаны 

генетикалық жүйеге бөлінеді. Мəселен, сиырда 85 агглютиноген 

болғандықтан, оларды 11 генетикалық жүйеге бөледі. Жылқыда 

16 агглютиноген 8 жүйе, қойда 26 агглютиноген 7 жүйе, шошқада 

50 агглютиноген 14 жүйе, тауықта 60 агглютиноген 14 жүйе 

болады.

Қан тобы мен жүйесін білу тек қана қан құю жұмысын дұ-

рыс ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен қатар малдың тегін 

анықтауға да мүмкіндік береді.

Адамның қан тобын анықтау үшін зерттелетін қанның бір там-

шысын ІІ топтың плазмасымен, ал екінші тамшысын ІІІ топтың 

плазмасымен араластырады да, алдын ала белгілі агглютинин-

дер арқылы қанда қандай агглютиноген бар екенін анықтайды. 

Егер екі тамшыда да агглютинация жүрмесе, онда қанның І топқа 

жатқаны (қанда агглютиногендер болмағаны), ал екі тамшыда да 

агглютинация жүрсе, қанның ІV топқа жатқаны. Агглютинация 

тек ІІІ топ плазмасымен жүрсе, қан ІІ топқа жатады, ал агглюти-

нация тек ІІ топ плазмасымен жүрсе, қан ІІІ топқа жатады. 

Мал қанының топтарының толық зерттелмеуіне байланысты 

бұл əдіспен олардың қанының генетикалық жүйесін анықтауға 

болмайды. Сол себепті малда қан жүйесінің үйлесімділігін 

анықтау донор қаны мен реципиент плазмасының бір-бір тамшы-

сын төсеніш шынының үстінде араластырып байқау керек. Аг-

глютинация жүрмеген жағдайда қан жүйелері үйлесімді болады 

да, ондай қанды реципиентке құюға болады. Ескертетін жағдай – 

малдың бір түлігінің қанын екінші түлікке құймаған жөн, себебі 

əр түліктің тек өзіне ғана тəн белоктары болады. Сондықтан ре-

ципиент организмінде бөгде белоктарға қарсы қорғағыш дене-

лер түзіледі. Мұндай қан екінші рет құйылса, организмнің бөгде 

белокқа сезімталдығының күштілігінен анафилактикалық шок 

(естен тану) байқалады.

Өте мұқтаж жағдайда, егер реципиент плазмасы донор эри-

троциттерін төсеніш шыны бетінде жабыстырмаса, əр текті қанды 

бір ғана рет кұю керек. Мұндай жағдайда итке ешкінің, жылқыға 

сиырдың, сиырға қойдың қанын құюға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет