с. б. мм
с. б. мм
98
Максималды жəне минималды қысымдар айырмасын пульс-
тық қысым деп атайды. Пульстық қысым жүрекке жа қын ор на-
ласқан артерияларда жоғарырақ болады (31-сурет). Сис тола лық
қысым сол жақ қарынша еттерінің физиологиялық жағдайын
си паттаса, диастолалық қысым - артериялар қабырғасының то-
нусының деңгейін көрсетеді.
Артериялар мен веналардағы қысым айырмасы жүректің
қолқа жүйесіне қанды айдау, ал вена жүйесінен – сору қызметіне
байланысты қалыптасады. Систола кезін де қолқада қысым с.б.
150-180 мм, артерияларда - 100-120 мм, артериолаларда - 50,
капиллярларда - 20-40, веналарда - 10-15 мм, ал ірі веналарда
нөлге дейін тө мендейді.
Қан қысымының деңгейі малдың жынысына, жасына,
салмағына, өнімділігіне, физиологиялық күйіне (буаздық,
сүттену, т.б.) байланысты өзгереді. Егер қан қысымы деңгейінің
өзгерістерін тікелей əдіспен (32-сурет) жедел тəжірибе үстінде
жазып алса, онда үш түрлі кертпештерді байқауға болады (33-су-
рет).
31-сурет. Тамырлардағы
қан қысымының ауытқу
-
лары:
1 - артериялар; 2 - ар-
те рио лалар; 3 - капилляр лар;
4 - веналар
32-сурет. Қан қысымын тікелей əдіс пен
жазу сызбасы.
1 - аппаратты қан тамыры-
мен жалғас тыратын резеңке түтік; 2 - сүйеніш
тақтай; 3 - ма
нометрдің шыны тү
тіктері; 4 -
шкала; 5 - қалтқы сабағы; 6 - жазғыш; 7 - қағаз
Кертпештердің 1-түрі жү
рек жұмысының кезең
деріне бай-
ланысты: систола кезінде қисық сызық көтеріледі, диастола ке зін-
де – төмендейді. Кертпештердің 2-түрі - тыныс кезеңдерімен бай-
ланысты, олар көлбеулеу келеді. Тыныс алынған кезде кертпеш тер
біртіндеп биіктейді, ал дем шығарылған кезде, тө мен дейді.
99
Кейбір жағдайларда керт пеш тердің 3-түрін де бай қау ға бо-
лады. Бұл сирек, пəс тол қындар қан тамырлары то нусының өз-
геруімен байланысты.
Үй жануарларында қан қы
сымын аускультациялық неме
се
осциллометрлік əдістерді қол дана отырып, жанама жолмен құй-
рық, сан жəне сирақ ар те рияларында анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: