α - жəне β - адренорецепторлар болатыны анықталды. Адрена-
лин мен норадреналин
α – рецепторларға əсер етсе, тамыр арнасы
тарылады, ал
β - рецепторларға əсер етсе – кеңиді.
Қан тамырларын тарылтатын жүйкелерді қиып тастағанда та-
мырлар арнасы кеңиді. Бұл осы жүйкенің əлсіз тонус жағдайында
болып, тамыр қабырғасының еттерін сəл ширықтырып отыраты-
нының айғағы. Ал тамырларды кеңітетін жүйкелердің тонусы
тұрақты болмайды, сондықтан оларды қиып тастағаннан кейін та-
мырлар тарылмайды. Демек, вазодилятаторлар тек қажет болған
жағдайда ғана іске қосылады.
Қан тамырларының арнасы орталық жүйке жүйесінен келе-
тін қозу толқындарының əсерімен өзгереді. В. Ф. Овсянников
қан тамырларының арнасын реттейтін орталықтың (тамыр
қоз ғағыш немесе вазомоторлық орталықтың) сопақша мидың
ІV - қарыншасының түбінде орналасатынын дəлелдеген (1871).
Орталық əлсіз тонус жағдайында болады. Ол прессорлық жəне
депрессорлық бөлімдерден тұрады. Прессорлық бөлімді тітір-
кендіргенде артериялар тарылып, қан қысымы жоғарылайды.
Депрессорлық бөлім қозғанда, тамырлар кеңейіп, қан қысымы
төмендейді.
Қан тамырлары арнасын реттейтін екінші дəрежелі орталық
жұлынның кеуде бөлігінде орналасқан. Сол себепті сопақша ми-
дан жұлынды бөліп тастап, организм тіршілігін жасанды тыныс-
пен сақтап тұрса, ұзақ уақыт қан қысымы бір деңгейде сақталады.
Ми бағанасын сопақша мидан жоғарырақ қиса, бірнеше сағат
аралығында қан айналымы бұзылып, тіршілік тоқтайды. Демек,
сопақша мида орналасқан орталыққа орталық жүйке жүйесінің
жоғарғы бөлімдері əсер етіп, оның қызметін бағыттап отырады.
Қан айналымын реттеуде үлкен ми жарты шарлары да ма-
ңызды рөл атқарады. Ми қыртысындағы орталықтар қан айналым
жүйесі қызметінің сыртқы орта жағдайларына қарай өзгеруін
қамтамасыз етеді. Қыртыс асты түйіндерді тітіркендіргенде де
қан қысымы айтарлықтай өзгереді.
108
Қан тамырларының арнасы қан құрамындағы түрлі химиялық
заттар əсерінен де өзгереді. Бұл тұрғыда гормондардың маңызы
зор. Адреналин, вазопрессин гормондары тамырларды тарыл-
тып, қан қысымын көтереді (44-сурет). Ми мен жүрек тамыр-
лары адреналиннің əсерімен кеңиді. Бүйрек үсті безінің қыртыс
бөлігінің гормондары тамыр тонусын жоғарылатады. Бездің
қыртыс бөлігін сылып тастаған соң 20-40 сағаттан кейін дененің
барлық капиллярлары кеңейіп, қан қысымы төмендеп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |