Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Газдардың қанмен тасымалдануы



Pdf көрінісі
бет112/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

7.4. Газдардың қанмен тасымалдануы

Қанның газдық құрамы өте күрделі. Артерия қанында 18-20 

көлем пайыз оттегі, 40 көлем пайыз көмір қышқыл газы, бір көлем 

пайыз азот болады. Вена қанында 12 көлем пайыз оттегі, 50-56 

көлем пайыз көмір қышқыл газы, артерия қанындағы мөлшерде 

азот болады. Бұл газдар өкпеден ұлпаларға, олардан өкпеге қан 

арқылы еріген немесе қосылыс түрінде тасымалданады. 

Оттегіні тасымалдау. Малдың 100 мл қанында қалыпты 

жағдайда орта есеппен 20 мл (20 көлем пайыз) оттегі болады. 

Оның тек қана 0,3 мл ерітінді күйінде, ал қалған 19,7 мл гемогло-

бинмен химиялық қосылыс түрінде кездеседі.

Гемоглобин оттегімен қайтарымды қосылыс - оксигемогло-

бин түзеді. Бұл реакция былай жүреді: Нb+О

2

 

 НbО



2

.

Гем құрамындағы темірдің əрбір атомы оттегінің бір моле-



куласымен қосылады. Демек, гемоглобиннің бір молекуласы 

оттегінің төрт молекуласын қосып алады. Бұл құбылысты мына 

реакция түрінде бейнелеуге болады: 

Нb

4



 +О

2

=Нb



4

О

2



Нb

4

О



2

 + О


2

=Нb


4

2



)

2

 



Нb

4



2

)

2



+ О

2

 = Нb



4

2



)

3

Нb



4

2



)

3

 + О



2

 = Нb


4

2



)

4

    



Жоғарыда келтірілген реакциялардағы оттегінің гемоглобин-

мен қосылуы тотығу процесіне жатпайды, себебі реакция кезінде 

темір атомы электрон жоғалтпайды, темір екі валентті күйінде 

қалады. Сол себепті бұл процесс тотығу (оксидация) емес, отте-

гімен қанығу (оксигенация) деп аталады.

Гемоглобиннің оттегімен қосылғыштық қасиеті түлік түріне, 

малдың жасына, қан құрамындағы тұздардың, көмір қышқыл 

газының мөлшеріне, рН деңгейіне байланысты. Қалыпты жағдайда 

1 г гемоглобин 1,34 мл оттегіні қосып алады. Қанның 100 мл-і 

сіңіретін оттегінің мөлшерін қанның оттегілік сыйымдылығы 

деп атайды. Егер қан құрамында 15,0 пайыз гемоглобин болса, 

онда оның оттегілік сыйымдылығы 15 х 1,34 + 0,3=20,4 мл не-

месе 20,4 көлем пайызға тең. Қан құрамында гемоглобин неғұр-



140

лым көп болса, оның оттегілік сыйымдылығы соғұрлым жоғары 

болады.

Қанның оттегімен қанығу дəрежесі оттегінің үлес қысымына 

(Ро

2

) тəуелді. Мысалы, вена қанында Ро2 с.б. 40 мм тең болса



оның оттегімен қанығу дəрежесі 75 пайыз ғана. Оттегінің үлес 

қысымына байланысты қанның оттегімен қанығуын бейнелейтін 

сызықты  оксигемоглобиннің диссоциациялану сызығы деп атай-

ды. Бұл сызық S əрпі пішінді келеді (57-сурет). Оттегінің үлес 

қысымы төмен болса, оксигемоглобин баяу жəне аз мөлшерде 

түзіледі. Қысым с.б. 10 мм-ге жеткенде гемоглобиннің 55 па-

йызы, ал 62 мм-ге жеткенде 90 пайызы оксигемоглобинге ай-

налады. Оттегінің үлес қысымы с.б. 100 мм болғанда, қандағы 

гемоглобиннің 96 пайызы оксигемоглобинге айналады.

Қалыпты жағдайда артерия қа-

нын дағы оттегінің үлес қысымы с.б. 

95-110 мм тең, демек қандағы барлық 

гемоглобин оксигемоглобин түрінде 

болады. Жоғарыда баяндалған жайт-

тарға қарағанда, оттегінің үлес қысы-

мының 60-100 мм аралығында түзіл-

ген оксигемоглобин мөлшері онша 

көп өзгере қоймайды, сондықтан ат-

мосферада оттегінің мөлшері 10 пай-

ыз ға  төмендегеннің  өзінде  тыныс 

айтарлықтай бұзылмайды.

Гемоглобиннің оттегімен қанығу 

дəрежесіне оттегінің үлес қысымымен қатар көмір қыш 

қыл 


газының үлес қысымы (Рсо

2

),  ағза  температурасы,  қан  құ ра  мын-



дағы сутегі ионының концентрациясы (рН) əсер етеді (58-су-

рет). Аталған факторлар көрсет кіштері жоғарыласа, қанда окси-

гемоглобин азаяды. 

Ұлпалар капиллярларында Рсо

2

 жоғарылауы жəне рН-тың тө-



мендеуі оксигемоглобиннен оттегіні босатып, ұлпалардың оны 

пайдалануын  же ңіл детеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет