бірлестігі. Бұл ұғымды И. П. Павловтың рефлекстік теориясы
негізінде көрнекті физиолог Н. К. Анохин ұсынған. Функ цио нал-
636
дық жүйе туралы ілім рефлекстік теорияны əрі қарай дамытуда,
тереңдетуде, кеңейтуде, айқындай түсуде маңызды рөл атқарады.
Бұл ілімді рефлекстік теорияның жоғары, жаңа мазмұнды деңгейі
деуге болады. Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің
əртүрлі күрделіліктегі, белгілі мақсатқа бағытталған іс-əрекеттік
реакцияларының, мінез-қылығының механизмін, ішкі сырын
түсіндіреді.
П. К. Анохин пікіріне сəйкес функционалдық жүйе қызметінде
ең негізгі шешуші фактор - əрекет нəтижесі. Организмнің мақ-
сатты, баста көзделген нəтижеге колы жеткенде ғана оның мұқ-
таждығы қамтамасыз етіліп, қанағаттану түйсігі пайда бола-
ды. Тек осыдан кейін ғана қалыптасқан функционалдық жүйе
таратылады, мақсатты іс-əрекет тоқтайды. Атқарылған əре
кет
нəтижесі бастапқы мақсатқа сəйкес келмесе, организмді қана-
ғаттандырмаса, онда функционалдық жүйе басқаша құрылып,
мақсатты нəтижеге бағытталған іс-əрекет əрі қарай жалғасады.
Осымен байланысты функционалдық жүйе құрамалары екі
топқа бөлінеді. 1-тұрақты бөлімдер тобы. Бұл функционалдық
жүйенің тиянақты, өзгермейтін бөлігі, оның морфологиялық жəне
функционалдық негізін құрайтын элементтер (мысалы, тыныс алу
органдары - тыныстық функционалдық жүйенің, ас қорыту орган-
дары - ас қорыту функционалдық жүйесінің тұрақты бөлімдері,
т.с.с.) болып табылады. 2-өзгермелі бөлімдер тобы. Оларды нақ-
тылы жағдайда мақсатты нəтижеге қол жеткізуге бағытталған
іс-əрекеттерді қамтамасыз етуге қажетті, функционалдық жүйе
құрамына уақытша қосылған элементтер құрайды (мысалы, ас
қорыту процесі қажетті деңгейде жүру үшін функционалдық жүйе
құрамына қан айналым, тыныс алу органдары қамтылады). Бұл
бөлімді құрайтын топ мақсатты нəтиже алынғаннан кейін жəне
организмнің күйіне байланысты бір жүйе құрамынан екіншісіне
ауысып отырады.
Əрбір функционалдық жүйе құрамына мына бөлімдер мін-
детті түрде енеді. 1. Афференттік жинақтау (синтез). 2. Шешім
қабылдау. 3. Əрекет бағдарламасы жəне əрекет нəтижесінің акцеп-
торы. 4. Іс-əрекет. 5. Əрекет нəтижесі жəне оның көрсеткіштері.
6. Əрекет параметрлерін кері афферентациялау (236-сурет).
Кез келген іс-əрекет афференттік синтезден, мақсатты био-
логиялық мұқтаждықты анықтаудан басталады. Афференттік
синтезді іске асыру үшін бірнеше компонент керек. 1-əрекет
түрткісі (əсер), 2-əсер афферентациясы (орта жағдайы), 3-до-
минантты мотив жəне оның əсерлік деңгейін анықтайтын эмо-