2. «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
3. 6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінде басшылыққа алатын дағдылар: 1) түсіну және жауап беру:
көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;
әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау; шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;
көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау; көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
3)бағалау және салыстыру:
шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру; әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу; әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.
4. 6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны: «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу бағдарламасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді. Бұл пән әдеби шығармаларды оқытып қана қоймай, танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға да негізделген. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес пәннің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемі анықталған. Әр сыныпта оқытылатын шығармаларды таңдау кезінде қазіргі замандағы баланың жас ерекшелігімен қатар танымдық ерекшеліктері де ескерілген.