81
қамтиды. Кейбір топшалардың атаулары бар.
Мысалы, ІА тобы — сілтілік металдар, VIIA
тобы — галогендер т.б.
Периодтық жүйедегі көптеген элементтер
металдар (90-нан астамы), ал бейметалдар аз.
*
1. Келесі сөйлемдерді дәптерге жазып толықтырыңдар:
Периодтық жүйедегі барлық элементтер
артуы бойынша орналасқан. Элементтердің горизонталь
қатарлары
деп аталады. Тік қатарлар
деп аталады. Төменгі сол жағында
орналасқан, ал жоғары оң жағында
орналасқан. Элементтердің көпшілігі —
.
2. Элементтердің периодтық кестесін пайдаланып,
келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
а) ең жеңіл элементті;
ә) рет нөмірі 12-элементті;
б) 3-периодтағы металдарды;
в) 2-периодтағы бейметалдарды;
г) атомдық массасы 80-ге тең элементті;
ғ) 4-период, 1-топтың қосымша топшасында орна-
ласқан элементті атаңдар.
3. Периодтық кестеден натрий, аргон, мырыш, бром,
рутений, платинаны табыңдар. Олардың рет нөмірін,
атомдық массаларын, сондай-ақ период және топ
нөмірлерін көрсетіңдер.
4. Периодтық жүйенің берілген сұлбасына:
а) период және топ нөмірлерін;
ә) сутек, оттек, гелий, азот, фтор, хлор, аргон,
неон, криптон, ксенон және радон газдарын түзетін
элементтерді;
б) сынап және бром сұйықтықтарын түзетін эле мент-
терді;
в) темір, мыс, хром, вольфрам қатты заттарын түзетін
элементтерді көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: