Сен білесің бе?
Химиялық элемент-
тердің периодтық жүйе-
сін Менделеев түсінде
көрген деген аңыз кең
таралған. Бірде одан
осы туралы сұрағанда:
“Мен, мүмкін, бұл туралы
жиырма жыл ойлаған
шығармын. Ал сіздер бір
сәтте дайын болды деп
ойлайсыздар”, — деген
екен.
Сен білесің бе?
Көптеген химиялық
элементтер мемлекет-
тердің немесе басқа
да географиялық
нысандардың құрметіне
аталған. Ал 4 элемент —
иттрий, иттербий, тербий
және эрбий барлығы
швед ауылы Иттербюдің
құрметіне аталған,
оның қасынан сирек
кездесетін металдардың
ірі кен орны табылған.
82
5. Периодтық кестеден суреттері берілген ғалымдардың құрметіне аталған химиялық
элементтерді табыңдар. Ол қандай элементтер?
а)
ə)
б)
Сен білесің бе?
Швед ғалымы Карл
Шееле — ашқан
химиялық элементтерінің
саны жағынан рекорд-
смен. Ол хлор, фтор,
барий, вольфрам, оттек,
марганец, молибденді
ашты.
табиғатта элементтердің
таралуы
Элемент
% (атоммен)
1. Сутек
73,9
2. Гелий
24,0
3. Оттек
1,1
4. Көміртек
0,46
5. Неон
0,13
6. Темір
0,11
7. Азот
0,097
8. Кремний
0,065
9. Магний
0,058
10. Күкірт
0,044
Өте маңызды
Элементтердің горизонталь қатары период
деп аталады. Қазіргі уақытта 7 период бар.
1—3-период тар кіші, ал 4—7-периодтар үлкен
деп ата лады. Элементтердің вертикаль қатарлары
топ деп ата лады. Барлығы 8 топ бар, олар негізгі
топша және қосымша топша деп бөлінеді (кестенің
қысқа нұс қа сында).
83
Химиялық және физикалық қасиеттерінің
ұқсастығына қарай біріккен элементтер тобы ұқсас
элементтер немесе табиғи топтар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |