119
Біліміңді тексер
1.
Табиғатта саф күйінде кездесетін 5 металды ата.
2.
Кен құрамында кездесетін 3 металды ата.
3.
Таза металдар мен металл құймаларын қолдануға мысалдар келтір.
4.
Сызбаны толтыр.
Металл
Кен атауы
темір
боксит
натрий
калий
5.
Емшілер ежелден металдарды емдік мақсатта қолданған.
Авторлардың бірі — Элифас Леви емші киіміндегі “сиқыршыны”
былайша сурет теген: “Жексенбіде (Күн күні) ол қолына лағыл
немесе зүбәржатпен безендірілген алтын асатаяқ ұстады;
дүйсенбіде (Ай күні) үш жіпке ілінген інжу, хрусталь және
селенит; сейсенбіде (Марс күні) болат асатаяқ және болат
сақина; сәрсенбіде (Меркурий күні) інжу немесе сынап бар
шыны шариктер және ақық сақина; бейсенбіде (Юпитер күні)
резеңке асатаяқ және жақұт сақина; жұмада (Шолпан күні) мыс
асатаяқ, көгілдір ақық сақина және берилден жасалған тәж;
сенбіде (Сатурн күні) оникстен жасалған асатаяқ және оникстен
жасалған сақина, мойнына қалайыдан жасалған алқа таққан”.
Шығармадағы металдарды химиялық таңбалар көмегімен жазып көр.
Достарыңызбен бөлісу: