Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Бем-Баверк (1851-1914), Фридрих Визер



Pdf көрінісі
бет10/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Бем-Баверк (1851-1914), Фридрих Визер (1851-1926), Леон Вальрас 
(1834-1910), Вильфредо Парето (1848-1923), Август Фридрих фон 
Хайек (1899-1992), Людвиг фон Мизес (1891-1973) болды. Осы 
ғалымдардың еңбектерінде «шекті пайдалылық» теориясының негізгі 
қағидалары қалыптасты. Бұлар құндылық, баға, айырбас, шығын, 
сұраныс және ұсыныс туралы көзқарастары арқылы экономикалық 
ғылымға төңкеріс алып келді. Маржиналистер экономикалық 
талдаудың негізіне экономикалық субъектілердің шаруашылық 
қатынастарын зерттеуде субъективтік бағалаулардың теориясын 
енгізді.
Неоклассиктер мен маржиналистер әрдайым нарықтық экономи-
каның өзін-өзі реттеушілік сипатына мән бере отырып, еркін 
бәсекелестіктің бұзылған тепе-теңдігін автоматты түрде қалпына 
келтіре алу мүмкіндігіне ие екендігін және осы арқылы теңгерімді 
қарқынды, дағдарыссыз дамуды қамтамасыз ете алатындығын 
қолдады. Ғалымдар мемлекеттің экономикаға араласуына қарсы 
болды, шаруашылықты шектен тыс реттеудің қауіп-қатері бар 
екендігін ескертті.
Дегенмен, ХХ ғасырдың бірінші жартысында батыс елдерінде 
өрши түскен дағдарыстық құбылыстар әлемдік экономикалық 
тоқырауға алып келді, ол тарихта 1929-1933 жылдары АҚШ-та 
орын «Ұлы депрессия» деген атпен белгілі болды. Бұл жерде 
шаруашылықтың дағдарысқа ұшырауымен қатар неоклассикалық 
бағыттың микроэкономикалық теориясы мен талдауы да күйзеліске 
ұшырады, яғни олар экономикалық дағдарыстың шығу себептерін 
және одан шығудың жолдарын түсіндіре алмады. Бұл жерде нарықтың 
өзін-өзі реттеушілік тетігі мен мемлекеттің экономикаға араласпауы 
туралы көзқарастар экономикалық теорияның осы тұстағы жаңа бір 
бағыты – кейнсиандық теориямен қатты сынға алынды. Енді осы 
бағытқа кеңірек тоқталамыз.
КЕЙНСИАНДЫҚ ТЕОРИЯ. Бұл бағыттың негізін қалаушы, 
ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-
1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, 
ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде 
экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін 
жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле 
алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде 
экономикалық теорияның екінші құрамдас бөлігі – макроэкономика 


16
қалыптасты. Кейнстің бұл еңбегі оны және оның теориясын әйгілі етті.
Кейнс неоклассикалық ілімнің негізгі қағидаларынан бас 
тарта отырып нарық өзін-өзін реттей алмайтын тетік екенін 
дәлелдеді. Мұндағы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы 
мемлекеттік реттеудің қажеттілігі табылады. Өйткені таза нарық 
жағдайында экономиканың күрделі мәселелері, атап айтсақ, 
жұмыссыздық, инфляция, экономиканың кезеңдік ауытқуы, әлеумет-
тік қамсыздандыру, халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту сияқты 
күрделі мәселелер өздігінен шешілуі мүмкін емес, осыларды реттеу 
үшін мемлекет нарыққа міндетті түрде араласады. Кейнс ең алдымен, 
экономиканың қозғаушы күші деп ұсынысты емес, сұранысты бірінші 
орынға қояды, олай болса, ол жиынтық сұранысты көтеру және 
қолдау үшін мемлекеттің бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын 
жүргізуді ұсынды. Кейнстің макроэкономикалық теориясын Элвин 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет