Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы



Pdf көрінісі
бет211/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. 
Филлипс қисығы. Кейнстің пікірінше, экономикада рецессиялық 
алшақтық (жұмыссыздық пен құлдырау инфляцияны шектейді) 
немесе инфляциялық алшақтық (толық жұмысбастылық кезінде 
жалақының өсуінен инфляция орын алады) болуы мүмкін. Басқаша 
сөзбен айтқанда, жұмыссыздық пен инфляция үдерістері қарама- 
қарсы бағытта дамиды: не инфляция болады, не жұмыссыздық болады.
Ағылшын экономисі Албан Филлипс (1914-1975) Кейнстің осындай 
қорытындысы негізінде жұмыссыздық пен инфляция арасындағы 
сандық байланыстың графикалық көрінісін ұсынды (13.1-сурет). Оны 
Филлипстің қисық сызығы деп атайды.
13.1-сурет. Филлипс қисық сызығы
Суреттен көріп отырғанымыздай, инфляцияның аса жоғары 
қарқыны кезінде (9%) жұмыссыздық деңгейі төмен болады (2%) – 
бұл N нүктесі. Ал инфляцияның төменгі деңгейінде жұмыссыздық 
өседі – М нүктесі.
Сонымен, Филлипс қисық сызығы – бұл жұмыссыздық деңгейі 
мен инфляция қарқыны арасындағы кері байланысты көрсететін 
графикалық кескін.


262
Филлипс қисығы жұмыссыздық деңгейінің шығындардың 
бір элементі болып табылатын жалақының көтерілу мүмкіндігін 
шектейтіндігін көрсетеді. Жалақының өсуінің шектелуі бағалар 
деңгейіне әсер етеді.
Филлипс қисығы инфляцияның қарапайым бір факторлы үлгісін 
көрсетеді. Инфляция жұмыссыздықтың функциясы болып табылады:
π = ƒ (u), мұнда, π – инфляция; u – жұмыссыздық.
Алайда, бағалардың қозғалысына тек жалақы ғана әсер етпейді. 
Инфляция теориясы жалғыз ғана себеппен шектелмейді. Жалақы 
оның тек бір бөлігі ғана, және шығындардың аз көлемін қамтиды. 
Инфляцияның басқа да себептерін ескермеу Филлипс теориясына 
стагфляция деген құбылысты түсіндіруге мүмкіндік бермеді. Егер 
Кейнс бойынша инфляция мен жұмыссыздықтың арасында таңдау 
болса, онда 70-жылдары екі құбылыс та қатарынан орын алды, 
яғни жұмыссыздықпен бірге инфляция да өрши түсті. Сол кездері 
жұмыссыздықтың жоғары деңгейі бағалардың маңызды түрде 
өсуімен ұласты. Ал 1983-1991 жылдары инфляция да, жұмыссыздық 
та төмендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет