Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет236/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Өмір сүру минимумы – бұл халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда 
қолданылатын аса маңызды көрсеткіш. Осыдан, халықтың өмір сүру 
деңгейі деген ұғым туындайды.
Өмір сүру деңгейі – бұл адамдардың өмір сүруінің негізгі 
қажеттілікте-рін қанағаттандыру мөлшерін сипаттайтын тауарлар мен 
қызметтер деңгейі, әл-ауқаттылық деңгейі, әлеуметтік жағдайлар мен 
көрсеткіштер жиынтығы.
Өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері (индикаторлары):
− халықтың әртүрлі табыстары (орташа атаулы және нақты 
табыс, орташа жалақы, зейнетақының орташа деңгейі, өмір сүру 
минимумының деңгейі, т.б.);
− баспана (бір тұрғынға келетін тұрғын үйдің жалпы ауданы);
− денсаулық сақтау (1000 тұрғынға келетін аурухана керуеттерінің 
саны);
− білім беру (орташа және жоғары оқу орындарының саны, халық 
санындағы студенттердің үлес салмағы);
− мәдениет (кітаптардың, журналдар мен газеттердің саны);
− жылжымайтын мүлік және ұзақ қолданылатын тауарлардың 
болуы;
− тамақ (калориялығы, азық-түлік құрамы);
− демографиялық үрдістер (өмір сүрудің ұзақтылығы, туу/өлу, 
некелесу/ажырасудың күтілетін деңгейі);
− қауіпсіздік (тіркелген қылмыстар саны).


293
Өмір сүру деңгейі ұғымымен қатар өмір сүрудің сапасы деген 
түсінік кеңінен қолданылады. 
Өмір сүру сапасы – бұл өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерімен 
қатар рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесін, адамды 
қоршаған ортаның жағдайларын, моральді-психологиялық климат 
жағдайларын, рухани ыңғайлылықты есепке алатын жалпылама 
әлеуметтік-экономикалық категория. Өмір сүру сапасын сипаттайтын 
көрсеткіштер әдетте, статистикалық өлшемдерге бағына бермейді
соның салдарынан елдің өмір сүру сапасын бағалау аса қиынға соғады.
Дегенмен, 1990 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы әртүрлі 
елдердің өмір сүру сапасын және оны салыстырмалы бағалау үшін 
агрегатталған көрсеткішті қолданып келеді. Бұл көрсеткіш бастапқыда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет