56
түрлерінің жалпы құрылымында 90%-ға дейін жетеді. Мәселен,
бұрынғы КСРО-да мемлекеттік меншіктің үлесі 88%-дан асты.
Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік
меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқып отырады.
Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы нақты өмірде
жағымсыз жайттарға алып келуі мүмкін: мемлекеттік монополиялардың
пайда болуы, мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға деген үстемдігінің
орын алуы, арзан тауарлар түрлерінің
жойылып кетуі, тауар
тапшылығының
пайда болуы, сұраныстың қанағаттандырылмауы.
Осыдан барып мынадай тұжырым жасалады,
яғни бұл жерде
мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою
туралы әңгіме қозғау керек.
Достарыңызбен бөлісу: