76
Тәжірибе сабағының жоспары:
Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап
беру, дискуссия,
сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.
Мақсаты: тауар-ақша қатынастарының пайда болуын талқылап,
тауар және ақша ұғымдарын жеке-жеке қарастыру. Ол үшін тәжірибе
сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
4.1. Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және
тауарлы
шаруашылық;
4.2. Тауар: мәні, қасиеттері,
формалары, әртүрлі теориялары;
4.3. Ақша: мәні,
болу тарихы, түрлері, қызметтері, әртүрлі
теориялары.
Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін
төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.
1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Тауар-ақша қатынастарының Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы;
Ақшаның
шығуы мен пайда болу тарихы;
Қазіргі электрондық ақшалар жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: