156
3. Орташа жалпы шығындар – орташа тұрақты және орташа
өзгермелі шығындардың қосындысы:
ATC = AFC + ATC.
Шекті шығындар – бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен
байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар
жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы
шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде
анықталады:
МС (marginal costs)
= ∆TC / ∆Q, немесе
МС = ∆VC / ∆Q.
Шекті шығындардың өнім өндіру көлеміне тікелей қатысы
болғандықтан, олар тұрақты шығындарға әсер етпейді. Сол себепті,
қосымша тұрақты шығындар әрқашанда нөлге тең болады:
МFC = 0.
Төмендегі кестеде шекті шығындарды есептеудің жолы көрсетіл-
ген. Мысалы:
Өндірілген
тауарлардың саны,
дана
Жалпы шығындар, долл.
Орташа шығындар, долл.
42
4 200
100
43
4 257
99
44
4 312
98
45
4 365
97
Шекті шығындар
4 257 – 4 200 = тауардың 43-данасына 57 доллар жұмсалды
4 312 – 4 257 = тауардың 44-данасына 55 доллар жұмсалды
4 365 – 4 312 = тауардың 45-данасына 53 доллар жұмсалды
8.3. Фирманың табыстары және оның түрлері
Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан
түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына
және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда,
фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.
Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:
Достарыңызбен бөлісу: