152
өндіріс шығындарын жан-жақты талдады. Ол тауардың жасалуын
және оған жұмсалған шығындарды
өндіріс құрал-жабдықтарымен
және жұмыс күшімен байланыстырды. Тауардың құнын құрайтын
еңбек шығындарын нақты шығындар деп атайды.
Маржинализм теориясы өндіріс шығындарын тауардың ерекше
қасиеті болып табылатын пайдалылық ұғымы тұрғысынан зерттейді.
Пайдалылық, соның ішінде, тауардың жалпы пайдалылығы және
шекті пайдалылығы психологиялық
құбылыс ретінде өндіріс
факторлары үшін фирмалар төлейтін соңғы соманың шамасы болып
табылады. Маржиналистер экономикалық ғылымға шекті шығындар
тұжырымдамасын енгізген, ол туралы біз әлі айтатын боламыз.
Институционализм бағытының өкілдері шығындар теориясын
әріқарай дамыта түсті. Олар өндіріс шығындарынан басқа жеке
шығындардың, қоғамдық шығындардың, абсолюттік шығындардың,
қаржылық шығындардың, сонымен қатар қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді шығындардың бар екендігін бөліп көрсетті.
Неоклассикалық теория өндіріс факторларына жұмсалатын
шығындарды өнім көлеміне тәуелді өзгермелі шығындар және өнім
көлеміне тәуелді емес тұрақты шығындар деп ажыратады. Сондай-
ақ, өзгермелі шығындардың да, тұрақты шығындардың түрлерін
анықтайды.
Соңғы уақыттарда неоинституционализм бағытының басты өкілі Р.
Коуз енгізген
трансакциондық шығындар теориясы аса маңызды
сұрақтардың бірі болып табылады. Трансакциондық шығындарды
көбінесе айналым шығындарымен байланыстырады. К. Эрроудың
ойынша, экономикадағы трансакциондық шығындардың орын алу
заңдылығы физикадағы үйкеліс заңымен ұқсас дейді,
олай болса,
экономиканы бұл шығындарсыз елестету қиын. Қазіргі уақытта,
фирманың нарықтағы негізгі қызметі болып осы трансакциондық
шығындарды үнемдеу табылады. Яғни солар арқылы фирманың
мүшелері қандай да бір ақпарат алуға жұмсайтын шығындарын
төмендете алады. Дуглас Норт трансакциондық шығындардың негізгі
түрлерін бөліп көрсетті:
1. Нарық туралы ақпарат іздеумен және сол нарықтағы тауарлар
мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты
шығындар;
2. Келісім-шарттар жасаумен және келіссөздер жүргізумен
байланысты шығындар;
3. Тауардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға,
фирманың маркалық белгісін қорғауға жұмсалатын шығындар;
153
4. Заң жүйесінің көмегімен меншік құқығын және оның тәртібін
қорғауға жұмсалған шығындар;
5. Нарықта ойланбай жасалған (оппортунистік мінез-құлық)
әрекеттерден болған шығындар.
Достарыңызбен бөлісу: