Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет13/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Қоғамдық таңдау теориясы экономикалық және саяси құбылыс-
тардың өзара байланысын зерттейді. Американдық экономистер
Нобель сыйлығының лауреаттары Джеймс Бьюкенен (1919 жылы 
туылған) мен Кэннет Эрроу (1921 жылы туылған) осы теорияның 
негізін қалаушылар болып табылады. Қоғамдық таңдау теориясы 
саясат қызметін экономикалық талдауды ұсынады. Саясат саласы 
ерекше нарық ретінде қарастырылады, бұл жерде саясат басындағы 
қоғамдық лауазымды тұлғалар жеке индивидтер мен фирмалар сияқты 
өздерінің жеке пайдасын басшылыққа ала отырып маңызды шешімдер 
қабылдайды. Сонымен қатар, атқарушы және заң шығарушы билік 
органдары басқару шешімдерін қабылдай отырып, әл-ауқаттылықты 
арттыруға тырысады.
Соңында, экономикалық ғылымның әртүрлі бағыттары мен 
ілімдеріне және олардың ерекшеліктеріне қарай отырып, біз қазіргі 
экономикалық теорияның жай ғана заңдар мен нормалардың 
қалыптасқан жиыны емес екенін, оның әртүрлі экономикалық 
жүйелерді зерттеуде туындайтын сұрақтарға жауап бере алатын танып 
білудің икемді және үнемі жетілдіріліп отыратын құралы ретінде 
түсіне аламыз.
1.4. Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын 
қызметтері
Экономикалық теория шеңберінде экономикалық талдаудың негізгі 
екі деңгейі ажыратылады және осы арқылы экономикалық теория 
ғылымы екі бөлімге бөлінеді:
1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін 
жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар, 
т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан 
зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада 


19
қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс 
факторлары, т.б.
2. Макроэкономика – бұл экономикалық мәселелерді біртұтас 
жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын 
экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қолда-
нылатын негізгі ұғымдар: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық 
сұраныс, жиынтық ұсыныс, инфляция, жұмыссыздық, т.б.
Бұдан басқа, экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау және 
нормативті (реттеушілік) талдау деген түрлері де бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет