1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары.
1.Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
«Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.»
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Жалпы әдістер
Жеке әдістер
1.Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.
2.Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.
3.Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.
4.Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.
5.Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.
6.Эксперимент, гипотеза және т.б.
Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.