348
Стагфляция – елде өндірістің
құлдырауымен және жұмыссыз-
дықтың жоғары деңгейімен ұласатын инфляция; бағалар деңгейі мен
жұмыссыздық деңгейінің бір уақытта көтерілуі.
Субвенция (жәрдемқаржы) – мемлекеттің жергілікті билік
органдарына
беретін ақшалай жәрдемі, яғни ұлттық-мемлекеттік
және әкімшілік-аумақтық ұйымдардың бюджеттерін мақсатты түрде
қаржыландыру үшін тегін берілетін мемлекеттік қаражаттың тіркелген
көлемі.
Субсидия (көмекқаржы) – мемлекет жергілікті үкімет органда-
рына, заңды және жеке тұлғаларға
немесе басқа мемлекеттерге
мемлекеттік бюджет есебінен беретін көбінесе ақшалай нысандағы
көмекқаржылары.
Сұраныс – сатып алушының белгілі бір уақыт аралығында белгілі
бір бағамен тауардың немесе қызметтің белгілі бір көлемін нарықта
сатып ала алу қабілеті; төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Достарыңызбен бөлісу: