Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


пайыз деп атайды. Ақшалай капиталға  сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік  пайыз пайда болады.  Несие пайызы



Pdf көрінісі
бет153/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

пайыз
деп атайды. Ақшалай капиталға 
сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік 
пайыз пайда болады. 
Несие пайызы
бұл белгілі бір уақыт 
аралығында капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін 
төлейтін бағасы.
Нарықтық қатынастардың қалыпты жағдайында несие пайызы 
мөлшерлемесі (r) төмендегенде капиталға сұраныс көлемі (K) артады 
және керісінше, несиелік пайыз жоғарылағанда фирмалар қарыз алуды 
қысқартады. Олай болса, капиталға сұраныс қисығы теріс көлбеулі 
болып табылады (9.5 a-сурет). Үй шаруашылықтары банктің салым 
бойынша пайыз мөлшерлемесі жоғары болғанда капитал ұсынысын 
арттырады және керісінше, салым бойынша пайыз төмен болған 
жағдайда олар банкке ақша салуды төмендетеді. Демек, капиталдың 
ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып келеді (9.5 ә-сурет).
9.5 а-сурет.
Капиталға сұраныс қисығы
9.5 ә-сурет.
Капиталдың ұсыныс қисығы
Капиталға сұраныс пен капиталдың ұсыныс қисықтарының 
қиылысуы кезінде капитал нарығында тепе-теңдік орнайды. Осы 


177
жерде экономикалық субъектілер капиталдың белгілі бір тепе-теңдік 
көлемін белгілі бір тепе-теңдік пайыз деңгейінде сатуға және сатып 
келіседі. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
9.6-сурет. 
Капитал нарығындағы тепе-теңдік
Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:
1. Атаулы пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке 
алмайтын банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың 
шамасы.
2. Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке 
алатын атаулы пайыз мөлшерлемесінің сатып алушылық 
қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (i) мен алдағы мүмкін 
болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты 
білдіреді:
r = i – π,
мұнда, r – нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның 
жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз 
мөлшерлемесі 15% болса, онда оның нақты деңгейі 5%-ға тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет