Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері



Pdf көрінісі
бет191/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   295
12.2. Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, 
факторлары, негізгі үлгілері
Жалпы ұлттық (ішкі) өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке 
табыс сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық 
өсудің нәтижесінде орын алады. 
Экономикалық өсу – бұл ұлттық шаруашылықтың адамдардың 
қажетті-ліктерін қанағаттандыратын өнімдерді өндіру қабілеттілігі 
мен мүмкіндігінің ұлғаюы. Қазіргі уақытта, экономикалық өсудің 
шешуші факторы болып инвестициялар табылады. 
Экономикалық өсу негізгі екі әдіспен өлшенеді:
1) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт 
аралығында өсуі;
2) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт 
аралығында жан басына шаққандағы өсуі.
Экономикалық өсу әдетте, пайызбен жылдық өсу қарқынымен 
өлшенеді. Мысалы, егер нақты жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200 
млрд. долларды және осы жылы 210 млрд. долларды құраса, онда 
жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны 210 – 200 / 200 × 100% = 5% тең 
болады:
Экономикалық өсу қоғамның өркендеуінің аса маңызды мақсаты 
болып табылады, өйткені сол арқылы экономикалық және әлеуметтік 
жетістіктерге жетуге болады. Экономикалық өсудің өлшемі ретінде 
қосылған құнды көбейту, өндірісті кеңейту, ғылым мен мәдениетті 
дамыту сияқты көрсеткіштер саналады. Экономикалық өсу 
арқылы қоғамның даму болашағын болжауға болады. Бұдан басқа, 
экономикалық өсу ресурстардың шектеулілігі мәселесін шешуге 
жағдайлар жасайды.
Әлеуметтік жағынан дамудың ең жоғары өлшемі болып адамның 
тұлға ретінде дамуы, оның материалдық және рухани қажеттіліктері-
нің қанағаттан-дырылуы табылады. Өскелең экономика қоғамның 
жаңаша қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндігіне және 


239
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алуға мүмкіндік табады. 
Қазіргі өскелең экономика бір уақытта қоршаған ортаның ластануы-
мен күресу бойынша жаңа бағдарламаларды қабылдап қоғамдық 
игіліктер өндірісінің қысқаруына жол бермеуге тырысады. 
Жалпы алғанда, экономикалық өсу әлемнің барлық елдерінің ортақ 
мақсаты, елдің экономикалық қуатының көрсеткіші болып табылады. 
Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін 
еңбек, капитал және жер сияқты негізгі үш фактор қажет. Нәтижесінде 
жиынтық өнім сол еңбекті, капиталды және табиғи ресурстарды 
қолданудың функциясы болып табылады. Сәйкесінше, жиынтық өнім 
көлемі өндірістің осы әрбір факторына тәуелді болып табылады. Бұл 
кезде өндіріс көлемі өндіріс факторларының жұмсалуына қарағанда 
үлкен дәрежеде өсуі мүмкін. Оған әсер ететін бірден бір фактор – 
ғылыми-техникалық прогресс.
Өндіріс факторлары шығындарының өсуіне және ғылыми-
техникалық прогресс қарқынына жиынтық өнімнің өсу тәуелділігін 
төмендегі өндірістік функция сипаттайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет