Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі



Pdf көрінісі
бет70/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі – берілген 
шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде 
қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей баламалы 
нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл 
жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған 
мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, 
яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар 
мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
3) Экономикалық ұтымдылық принципірационалды 
субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында 
берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды 
нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-
құлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке 
жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, 
фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын 
көтеруді мақсат етеді.
Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен 
ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды 
пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға 
мүмкіндік береді.
5.3. Инфрақұрылым және нарықтық инфрақұрылым
Инфрақұрылым – бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі 
үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір-тіршілігіне 
әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес 
мекемелердің кешенді жүйесі.
Экономикада инфрақұрылымның мынадай түрлері қалыптасқан:
1. Өндірістік инфрақұрылым – бұл өндірістік қызметтер мен 
халық шаруашылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз 
ететін салалар мен салаішілік салалардың жиынтығы. Өндірістік 
инфрақұрылымның құрамына өндіріске қызмет көрсететін көліктер-
дің барлық түрлері, өндіріске қызмет көрсететін байланыс құралдары, 


87
материалдық-техникалық жабдықтау, тауарлар қозғалысының жүйесі, 
ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өткізу, электр қуатының 
объектілері, т.б. кіреді. Инфрақұрылымның бұл түрі қоғамдық 
өндірістің тиімді жұмыс істеуі мен оны орналастыру үшін жалпы 
жағдайлар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет