Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет65/108
Дата23.01.2023
өлшемі8,5 Mb.
#62523
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

Разорвать (break) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама 
мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы 
пиктограммасын басу арқылы 
шақыруға болады.
Командалық жолда келесі жазу шығады: 
Command: break Select object: (Команда:_разорвать Выберите объект) 
Тышқанның сол батырмасын басу арқылы объектіні белгілейміз. Бұдан кейін 
командалық жолда келесі жазу болады: 
Specify second break point or [First point]: (Укажите вторую точку разрыва 
или [Первая точка] 
Егер объектіні таңдаған жердегі нүкте үзудің бірінші нүктесіне сәйкес болса, 
онда үзудің екінші нүктесін нұсқау жеткілікті. Егер үзудің бірінші нүктесінен 
бӛлек болса, онда First point (Первая точка) опциясын таңдап, үзудің бірінші 
нүктесін нұсқау керек. Бұл кезде курсормен объектіні дәлдеудің қажеті жоқ. 
Графикалық жүйе кӛрсетілген нүктеден үзілетін объектіге ойша нормаль жүргізіп, 
үзу нүктесін анықтайды. 3.20-суретте команданың орындалу мысалы кӛрсетілген. 
Ескерте кететін жағдай: AutoCAD жүйесі объектіні үзуді сағат тіліне қарсы 
бағытта орындайды. 
 
а) Объектіні үзудің бірінші 
нүктесінде таңдау 
ә) Үзудің екінші нүктесін 
таңдау және команданың 
нәтижесі 
3.20-сурет 


89 
 
3.13 Объектіні бӛлшектеу 
Объектіні құрайтын элементтерге бӛлшектеу үшін Расчленить (explode) 
командасы қолданылады. Бӛлшектегеннен кейін құрама объектілер (блоктар, 
полисызықтар, тік тӛртбұрыштар, кӛпбұрыштар, мультисызықтар, облыстар, үш 
ӛлшемдік торлар мен денелер) жекеленген жәй объектілерге бӛлінеді. 
Расчленить (explode) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама 
мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы 
пиктограммасын басу арқылы 
шақыруға болады. 
Командалық жолда келесі хабар шығады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет