Select object to extend or [Project/Edge/Undo]: (Выберите удлиняемый объект или [Проекция/Кромка/Отменить]:) Бұл жерде ұзартылатын объектілерді нұсқау керек.
Егер шекара сызығы қысқа болса, ал объектіні оның жорамал жалғасына дейін
ұзарту керек болса, онда Edge (Кромка)опциясын таңдап, (Extend) шекара
сызығының жалғасы режимін қою керек. Содан соң ұзартылатын объектіні нұсқау
керек. Соңғы орнатылған опция команданы келесі шақырғанда ағымдық болып
қалады. 3.11 Объектілерді кесу Обрезать (Trim) командасы берілген сызық бойынша объектінің бӛлігін кесіп
тастауға мүмкіндік береді(3.19-сурет).
Обрезать (Trim) командасын құлама мәзірдің РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) бӛлімінен немесе аспаптар панеліндегі
пиктограммасын басу арқылы
шақыруға болады.
Командалық жолда келесі хабар пайда болады:
Command: _trim Әрі қарай компьютер кесу процесін жүргізетін екі айнымалыны еске салады:
Current settings: Projection=UCS Edge=None Projection жүйелік айнымалысы үш ӛлшемді модельдер үшін арналған. Edge
жүйелік айнымалысы ойша қиылысу үшін керек.
Select cutting edges ...(Кесу сызығын нұсқаңыз)
Select objects: (Объектілерді таңдаңыз:) 1 found
Select objects: 1 found, 2 total
Select object to trim or [Project/Edge/Undo]: (Кесілетін объектіні таңдаңыз
немесе [Проекция/Кромка/Отменить]:)
Таңдауды аяқтау үшін ENTER пернесін басу керек.
88
3.12 Объектіні үзу Разорвать (break) командасы объектінің бір бӛлігін ӛшіруге мүмкіндік
береді. Үзуге болатын объектілер: кесінділер, түзулер, сәулелер, шеңберлер,
доғалар, полисызықтар, эллипстер, сплайндар.