Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011



бет3/90
Дата05.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#79474
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі

Жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс

Зерттеуші мен білім беру саласындағы қызметкерлер (мұғалімдер, тәрбиеші, психолог т.б.) іс-әрекетінің мақсатында өзгешеліктер болады.
Мұғалім оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылса, зерттеуші жаңа ғылыми білім алуға, қандай жағдайда көрсеткіш жоғары болатындығын түсіндіреді және болашаққа болжам жасай алады. Сонымен қатар, зерттеуші, әдетте, педагогикалық процестің бір аспектісін қарастырса, мұғалім, тәрбиеші, білім беру мекемесінің директоры өз жұмыстарында педагогикалық үдерістің барлық жақтарын кешенді тұрғыдан қарастырады.
Мысалы, оқушының өзін-өзі бағалауы.
Педагог қызметкердің практикалық және зерттеу қызметіндегі айырмашылықтарды бейнелеуге болады.


Жеке ғылыми қызметтің ерекшеліктері
Ғылыми қызметті ерекшеліктеріне байланысты жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс деп қарастыруға болады.

    1. Ғылыми жұмыстың мақсатының анық болуы.

Кәсіби қызметке тән еңбектің бөлінуі ғылымда да болады. Ғалым ғылымның барлық мәселелерімен айналысуы мүмкін емес. Ол педагогика ғылымына да тән. Зерттеуші өзінің нақтылы ғылыми жұмысының бағытын анықтап алуы керек. Соған сәйкес мақсатына жетуге әрекет жасалынады. Зерттеу барысында қызықты әртүрлі құбылыстар және құнды деректер кездеседі. Зерттеуші өзінің барлық қабілетін тек қана зерттеп отырған мәселесіне шоғырландыруы қажет.
Ғылыми жұмыс бұрын зерттелінген еңбектерге негізделеді. Мәселеге байланысты осы уақытқа дейін не істелгенін және ғылыми әдебиеттерде не жазылғанын зерттеу керек.
Зерттеуші ғылыми атауларды меңгеруге және өзінің ұғымдық аппараттарын анықтай отырып, олардың мазмұнына тоқталады.
Ғылыми жұмыстың, зерттеудің нәтижесі міндетті түрде жазбаша (есеп, баяндама, мәнжазба, мақала, кітап т.б.) түрде беріледі. Оның екі себебі бар:

  • автор өзінің идеясын және зерттеу нәтижесін ғылыми тілде жүйелі баяндайды. Ауызша сөйлеуде жүйелілік, бірізділік сезіле бермейді;

  • ғылыми жұмыстың мақсаты зерттеу нәтижесі жаңа білімді адамдарға жеткізу.

Сондай-ақ, ғылыми басылымдардың саны мен көлемі зерттеушінің көрсеткіші ретінде қарастыралады. Сондықтан бұл бағытта да тұрақты жұмыс жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет