Рейтинг немесе өзін-өзі бағалау әдістері Рейтинг – іс-әрекетті белгілі бір жақтарын құзырлы эксперттермен бағалауы. Эксперттерге қойылатын талаптар: құзыреттілігі, шығармашылық міндеттерді шешу қабілеттілігі, объективтілік, өзін-өзі сынау.
Бұл әдіс білікті қазылардың (сарапшылардың) іс-әрекеттің қандай да бір жақтарын бағалау кезінде пайдаланылады. Сарапшыларға белгілі талаптар қойылады: олар шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетті, білікті болуға, сараптамаға оң қабақ танытуға, әділ, объективті, өзіне-өзі сыни тұрғыдан қарауға тиісті. Рейтинг үшін қарама-қарсы сауалнамалар пайдаланылуы мүмкін. Өзіндік бағалау әдісін де пайдаланған орынды.
Рангілік бағалау әдісі Мұндай әдіс кезінде анықталған себептер олардың көрініс дәрежесіне немесе кему тәртібімен орналастырылады немесе осындай не басқа бір белгілер (құбылыстар) бағалауды жүзеге асырушының ұстанған бағытына байланысты оның мәніне қарай өсу (мысалы, сыналушылар үшін ұсынылған ілімнің себептерінің мәніне қарай) орналастырылады.
Тәуелсіз сипаттамаларды қорыту әдісі Бұл әдіс тұлсырымдардың объективтілігін арттырады. Оның мәні зерттеушінің әр түрлі көздерден алынған ақпараттарды өңдеуінен көрінеді.
Мысалы, оқушының жеке басын зерттей отырып, мұғалім ол туралы ата-аналардан, басқа мұғалімдерден, дәрігерлерден, ұжымнан мәліметтер алады.
Тәуелсіз сипаттамаларды жалпылау әдісі – тұжырымдардың объективтілігін жоғарылатады. Әр түрлі ақпарат көздерінен түскен мәліметтерді өңдеу.
Статистикалық әдіс оның шеңберінде мынадай нақты әдістемелер қолданылады:
тіркеу – белгілі сыныптың белгілі бір сапасын анықтау және осы сапаның барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу;
ранжирлеу – жиналған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, объектілердің осы қатардағы орындарын анықтау;
шәкілдеу – зерттеу сипаттамаларына балдар немесе басқа цифрлық көрсеткіштер беру.
Шәкілдердің негізгі орналасу реті: аталым шәкілдері (номиналды); тәртіп (немесе рангілік) шәкілдері; арақашықтық шәкілдері; қарым-қатынас шәкілдері;