III. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қалыптастыру Панорамалық сабақ туралы ұғым Панорама - жалпы көрініс ұғымын береді. Панорамалық сабақ - әдістемелік жұмыстың жаңа бір түрі ретінде қарастырылады. Мұғалімдердің белгілі бір проблемаларды (өзекті мәселелерді) шешудегі педагогикалық тапқыштықтарын көрсету (демонстрациялау). Панорамалық сабақтың озат педагогикалық тәжірибені тарату түрінде артықшылдығы мынада деп білеміз:
әдістемелік оқуды интенсификациялау (мұғалімдердің қуаты мен уақытын үнемдеу, яғни бір сабақ бойында бір немесе бірнеше мұғалімдердің әдістемелік тәсілдерін көрсету);
нақтылы өте тиімді әдістемелік тәсілдерді көрсету арқылы жас мұғалімдерді жұмысқа ынталандыру;
мұғалімдердің шығармашылығын дамыту.
Мектеп тәжірибесінде панорамалық сабақтың әр түрлі нұсқалары (варианттары) бар.
Олар:
әр түрлі оқу пәндері сабақтарынан үзінді (бір сыныпта бір немесе бірнеше мұғалімдер өткізеді);
әр түрлі сыныптарда бір пән бойынша сабақ өткізу;
бір сыныпта бір пәннен бірнеше мұғалімдер әр түрлі сабақ кезеңдеріндегі жұмыс тәсілдерін көрсетеді;
мұғалімнің есеп беру сабағы (шығармашылық, проблемалық топтар);
ата-аналар үшін панорамалық сабақ.
Тапсырма, міндет (есеп) туралы ұғым, оның құрамы Соңғы педагогикалық-психологиялық ғылыми еңбектерде кез келген әрекет сол әрекетке сәйкес тапсырманы, міндетті (есепті) орындау ретінде қарастырылады. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына тапсырма есеп ұғымын өзінің кең мағынасында түсіндіру қажеттігі туады.
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясы дайындаған ”Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысына арналған оқу бағдармаларында” математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретінде есепті енгізуге дайындық, есеп терминін енгізу, оның құрамды бөліктерімен таныстыру ұсынылады
(-127б)
Есеп ұғымын өзінің кең мағынасында түсіну мақсатында бастауыш сынып оқушыларының есеп туралы ұғымын жүйеге келтіретін және тапсырманың барлық пәндерде, сондай-ақ сабақтан тыс әрекетте, өндірісте (жұмыста) кездесетінін дәлелдейтін арнаулы әңгіме өткізіледі.
Әңгімеден үзінді: Мұғалім: Біз сабақта есеп (тапсырма) деген сөзді жиі қолданамыз. Есеп (тапсырма) дегенді қалай түсіндірер едіңдер.
Оқушылар: Есепті математика сабағында шешеміз. Есеп - сөзбен берілген мысал. Есеп - миға арналған жаттығулар.
Мұғалім: Дегенмен де есеп ұғымының мазмұнына зейінімізді аударайық. Мен сендерге көмектесейін, ойланып көріндерші, тақтадағы жазуды есеп деп айтуға бола ма (Тақтадағы мәтін: ”Балаларға барлығы қанша қызыл және жасыл доп сатылып алынған?”).
Оқушылар: Жоқ, бұл есеп емес. Иә, бұл - есеп.
Мұғалім: Неге есеп емес деп ойлайсыңдар. Дөлелдеңдер.
Оқушылар: Сұрағы бар. Нені табу керек екендігі айтылған.
Мұғалім: Мен сендердің кейбір пікірлеріңмен ғана келісемін. Иә, есептің сұрағы берілген, бірақ қызыл және жасыл доптардың саны айтылмаған, онсыз есепті шығару мүмкін емес. Тағы ойланып көрейік. Есептің құрамында сұрақтан басқа не болуы керек?
Оқушылар: Міндетті түрде белгілісі болуы керек.
Мұғалім: Дұрыс. Ендеше тексті есеп болатындай етіп өзгертіңдер.
Оқушы: Балаларға 5 қызыл және 6 жасыл доп сатылып алынды. Балаларға барлығы қанша доп алынған?
Мұғалім: Дұрыс. Енді есепте міндетті түрде нелер болуы керек екенін ойладыңдар.
Оқушылар: Есептің сұрағы мен шарты болуы керек. Белгілі, белгісізі болады. Белгілі арқылы белгісізді табу қажет болады.
Мұғалім: Қане, келісейік, алдағы уақытта есеп деп міндетті түрде шартты (белгілісі) және сұрағы (белгісізі) болатын тапсырманы ғана айтамыз. Енді тақтаға назар аударыңдар. Мына тапсырманың есепке ұқсастығы барма ма? (Тақтадағы мәтін: ”Суретте берілген заттың атын жазыңдар. Алманың суреті салынған).
Оқушылар: Жоқ, бұл қайдан ұқсас болсын, себебі сандар берілмеген.
Мұғалім: Асықпай ойланып, тапсырмада белгілі және белгісіздің бар жоғын анықтайық.
Оқушылар: Белгілісі - алма суреті. Белгісізі ”алма” деген сөзді жазу.
Мұғалім: Тапсырмада белгілі, белгісіз де бар екен. Оны есепке ұқсас деп айтуға бола ма?
Оқушылар: Иә, болады.
Мұғалім: Енді нақтылайық, есеп дегеніміз не?
Оқушылар: Есеп дегеніміз - белгілісі бар тапсырма.
Мұғалім: Алдыңғы тапсырмада бізге балаларға қанша доп сатылып алынғаны белгісіз болды, бірақ оны есеп деп атағанымыз жоқ.
Оқушылар: Есеп дегеніміз белгілісі бар, белгісізді табу деген сөз.
Мұғалім: Дұрыс, қалай ойлайсыңдар, есепте неге белгілі және белгісіз болуы керек.
Оқушылар: Белгілі белгісізді табу үшін қажет.
Мұғалім: Олай болса, мына тапсырмада да белгілі және белгісіз бар. Ендеше бұл тапсырманы есепке ұқсас деп айтуға бола ма?
Оқушы: Иә, бұл - есепке ұқсас.
Мұғалім: Дұрыс. Есеп дегеніміз - берілген белгілісі бойынша белгісізі ізделетін тапсырма. Енді сендер есепті қайда кездесетіндеріңді ойланыңдар.
Оқушылар: Математика сабағында.
Мұғалім: Ойланыңдар. Тек математика сабағында ғана есеп шығарамыз ба?
Сендерге тағы қандай жағдайларда берілген белгілі бойынша белгісізді, іздеуге тура келді.
Оқушылар: Математика, бейнелеу өнері сабақтарында.
Мұғалім: Есеп туралы түсінігімізді нақтылайықшы. Қазақ тілі оқулығын ашыңыздар. Кез келген бір жаттығуға тоқталыңыздар. Оны оқыңыздар. Біздің жаңа есепке берген анықтаманы пайдаланып, алдымыздағы жаттығудың да есепке ұқсас екенін дәлелдеңдер. Мысалы, 230 - жаттығу
Оқушы: Бізге белгілісі септік жалғаулы зат есімдері бар мәтін. Белгісізі (немесе орындау көп нүктенің орнына ілік септігінің жалғауын жалғап жазу).
Мұғалім: Сонымен тапсырмада белгілі және белгісіз де бар екен. Ендеше тапсырманы есепке ұқсас деп айтуға бола ма?
Оқушы: Иә, бұл есепке ұқсас.
Мұғалім: Қазір біздің қазақ тілі сабағында да есепке ұқсас тапсырмаға кездесетінімізге көзіміз жетті. Енді ана тілі оқулығын ашып, кез келген мысал арқылы бұнда да есепкке ұқсас бар екенін дәлелдеңдер.
Оқушы: Мен мысалға ”¦р, тоқпақ” ертегісін алдым. Белгілісі - ертегінің мәтіні, белгісізі - ертегінің мазмұнын жүйелі баяндау.
Мұғалім: Дұрыс.
Оқушылар осы үлгіде дүниетану, еңбекке баулу т.б. сабақтардан мысалдар келтіреді.
Мұғалім: Сонымен, біз есепке ұқсас тапсырмалармен барлық сабақта кездесеміз деген қорытынды жасауға болады. Енді ойланып көрейік, мектептен тыс жерде есеппен (тапсырманы орындаумен) кездескен жағдайлар болды ма?
Оқушылар: - үй тапсырмасын орындауда;
- дүкеннен зат сатып алғанда;
- үй мебельдерін дұрыс, әдемі орналастыруда;
- үйірмеде жұмсақ ойыншықтарды істеуде;
- өмірде, барлық жерде.
Мұғалім: Жарайсыңдар, дұрыс айттыңдар! Сендердің ойларыңша ересектер есеппен (тапсырманы орындаумен) қайда кездеседі?
Оқушылар: - жұмыста;
- үйде;
- барлық жерде, бір нәрсе істеуді ойластырғанда.
Мұғалім: Қазір сендер есеппен (тапсырманы орындаумен) мектепте және сабақтан тыс әрекетте оқушылар ғана емес, жұмыста ересектер де кездесетініне көздерің жетті. Сонымен, кез келген әрекет сол әрекетке сәйкес есепті (тапсырманы) орындау ретінде қарастырылады деген қорытынды шығады. Әңгіме соңында үйге берілетін тапсырма: өздеріңе қызықты да ”өмірден” алынған есептер (тапсырма) қарастырыңдар,сабақта талдаймыз. Ересектердің де өндірісте (жұмыста) қандай міндеттерді (тапсырманы, есептерді) орындайтындарын сұрастырып,жазып келіңіздер.
Үй тапсырмасы бойынша әңгімелесу үлгісінен үзінді: Мұғалім: Омар: ”Iнім өзінің ойыншығын әкеліп, жөндеп беруді өтінді” деген тапсырма құрастырған. Бұл тапсырманы есепке ұқсас деуге бола ма?
Оқушылар: Иә, бұл - есепке ұқсас.
Мұғалім: Себебі? Дәлелдеңдер.
Оқушылар: Бізге бұйым ”ойыншық” белгілі, ал жөндеу (не істеу керек)-белгісіз. Ал есеп дегеніміз - белгілі арқылы белгісізді табу. Сондықтан есеп деуге болады. Тапсырмада осындай.
Мұғалім басқа тапсырмалар бойынша әңгімені осылай жалғастырады.