Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет105/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

2-топ тапсырмасы
: «Мҧғалімнің қҧқығы мен міндеттері 
қандай?» 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 
«Педагог қызметкердің мәртебесі» атты 7-тарауында 51-бапта 
педагог 
қызметкердің 
қҧқықтары, 
міндеттері 
мен 
жауапкершіліктері кӛрсетілген: 


226 
1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік 
білімі бар адамдар педагогтық қызметпен айналысуға жіберіледі. 
2. Педагог қызметкердің: 
-
кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле 
отырып, педагогтық қызметпен айналысуға; 
-
ғылыми-зерттеу, 
тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыспен 
айналысуға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен 
технологияларды енгізуге;
-
жеке педагогикалық қызметке; 
-
тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті 
ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға; 
-
білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының 
жұмысына қатысуға; 
-
ұзақтығы тӛрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет 
біліктілігін арттыруға; 
-
санатын 
арттыру 
мақсатында 
мерзімінен 
бұрын 
аттестатталуға; 
-
педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік 
наградалар, құрметті атақтармен, сыйлықтар мен атаулы 
стипендиялар 
түріндегі 
моральдық 
және 
материалдық 
кӛтермеленуге; 
-
ӛзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; 
-
әскери 
қызметке 
шақырылу 
мерзімінің 
кейінге 
қалдырылуына; 
-
ғылыми қызметпен айналысуы үшін педагогтық стажы 
сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; 
-
білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен ӛкілдеріне 
шағымдануға құқығы бар. 
3. Педагог қызметкер: 
-
ӛзінің кәсіптік құзіреті саласында тиісті теориялық және 
тәжірибелік білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге; 
-
мемлеукеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының 
талаптарына сәйкес кӛрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын 
қамтамасыз етуге; 
-
білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, 
этномәдени құндылықтарға құрмет кӛрсету рухында, қоршаған 
дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге; 


227 
-
білім алушылардың ӛмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, 
ӛздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға; 
-
ӛзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және 
жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 
-
бес жылда кемінде бір рет аттастаудан ӛтуге;
-
педагогтік әдеп нормаларын сақтауға; 
-
оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-
аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 
Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 
педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және 
еңбек шартында кӛзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет