Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет106/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
3-топ тапсырмасы
«Қазақстан Республикасының білім 
беру жҥйесі, оның даму перспективасы қандай?» 
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, 
интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби 
біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен 
оқытудың үздіксіз процесі. 
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі 
халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына 
және саяси ӛміріне негізделіп іске асырылады.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі 
принциптері: 
1.
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім 
алу құқықтарының теңдігі; 
2.
Білі беру жүйесін дамытудың басымдылығы; 
3.
Әрбір 
азаматтың 
зияткерлік 
дамуы, 
психикалық-
физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, 
халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі; 
4.
Білім бердуң зайырлы, гуманистік және дамытушылық 
сипаты; 
5.
Адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу; 
6.
Жеке 
адамның 
білімділігін 
ынталандыру 
және 
дарындылығын дамыту; 
7.
Білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін 
білім беру процесінің үздіксіздігі;
8.
Оқу мен тәрбиенің бірлігі; 


228 
9.
Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім 
беру жүйесі қызметінің ашықтығы; 
10.
Білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқу мен 
тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі 
болуы. 
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни 
ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға 
және олардың қызметіне жол берілмейді. 
Білім беру ісі басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. 
Республика Білім және ғылым министрлігі, оның тӛменгі атқарушы 
органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы 
мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. 
Білім беру жүйесінің құрылымы ҚР-ның «Білім туралы» 
заңында берілген. Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады: 
1.
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту; 
2.
бастауыш білім беру; 
3.
негізгі білім беру;
4.
орта білім беру; 
5.
орта білімнен кейінгі білім беру; 
6.
жоғары білім беру; 
7.
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет