Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет131/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
Еңбектену кезеңі,
 
адамның жетілуін қамтиды. Оның уақыты 
нақты белгіленбеген, себебі бұнда адамның бүкіл еңбектену жолы 
енеді. 
3. 
Еңбектенуден кейінгі кезең,
 
егде шақта еңбек әрекеті 
тоқтаған кезде жүреді.
Әлеуметтену процесі барысында тұлға түрлі рольдерді 
орындайды. Оларды әлеуметтік рольдер деп атайды. Рольдердің 
кӛмегімен тұлға ӛзін кӛрсетуге, ашылуға мүмкіндігі бар. 
Әлеуметтену факторлары -
әлеуметтену процесі ӛтуіне қажет 
жағдайларды туғызатын шарттар. А.В.Мудрик әлеуметтенудің 
негігі факторларын үш топқа біріктіреді: 
макрофакторлар
 
(ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет), 
олар планетаның барлық тұрғындарының немесе белгілі бір елде 
ӛмір сүретін адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуіне әсер етеді; 
мезофакторлар
 
(мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос 
- әлеуметтену факторы), олар ӛмір сүретін жердің орны мен типі 
(аймақ, қала, ауыл); бұқаралық ақпарат құралдары және 
коммуникацияның аудиториясына байланысты анықталатын 
адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары; 
микрофакторлар
– 
нақты адамдарға тікелей әсер етушілер – 
жанұя, жостары, микроортасы, әлеуметтік тәрбие жүргізілетін 
ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б. 


265 
 
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС 
 
4. Жаттығу: «Екі жақты кҥнделік»
 
(кестені толықтырыңыз) 
Мақсаты: 
Білім алушыларды алған білімдерін жинақтап 
қорыту.
Тапсырма:
Білім алушылардың дәрістің басында толтырған 
«Екі жақты кҥнделіктерін»
толықтыру тапсырылады. 
Нені білгім келді 
Нені үйрендім 
 
«Педагогикадағы мақсатты анықтау»
Тұлғаны жан-жақты дамыту – тарихи құбылыс. Оны әрбір 
тарихи кезеңдегі құжаттар мен деректерді қарай отырып, кӛруге 
болады. Бұл тақырыпты ашуда ҚР-ның мемлекеттік құжаттарына 
сүйенген дұрыс: ҚР-ның «Білім туралы» Заңы, «Тәрбие 
тұжырымдамасы», «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беру жүйесін 
дамыту тұжырымдамасы», ҚР «2011-2020 жылары білім беруді 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы».
Сонымен қатар, педагогикадағы негізгі философиялық 
тұжырымдамаларды сипаттай отырып, әрбіреуінде тәрбие 
мақсатын белгілеуіндегі ерекшеліктерді кӛрсету керек. Олар: 
неотомизм, прагматизм, экзистенциализм, бихевиоризм. Сонымен 
бірге, бұл дәрісте пәнаралық байланыс жүзеге асырылатындықтан, 
тақырыптың философия, тарих пәндерімен байланысын талқылау 
қажет.
Практикалық сабақтарда осы тақырып бойынша педагогикалық 
ситуацияларды шешу, жаттығуларды орындау, мұғалімдердің оқу-
тәрбие жұмыс жоспарларымен таныстыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет