Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


дидаскал деп атаған. (грек сӛзі  «дидаско» – үйретемін), ал мектептерге баланы алып келіп,  сабақтан соң алып кететін құлды  педагог



Pdf көрінісі
бет96/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

дидаскал
деп атаған. (грек сӛзі 
«дидаско» – үйретемін), ал мектептерге баланы алып келіп, 
сабақтан соң алып кететін құлды 
педагог 
атаған. 
Педагог 
– грек 
сӛзі «пайдос» - бала, «гогос» - жетектеу дегенді береді. Ежелгі 
Грецияда 13 жастағы балаларды грамматистер және кифаристер 
мектептрінен кейін палестраға ауыстырған. 
Палестра - 
күрес 
мектебі деген мағынаны білдіреді. Мұнда 2-3 жыл бойы балалар 
гимнастикамен шұғылданған. Ондағы мұғалімдерді 
педотриба 
деп 
атаған. Педотрибалар күресуге, секіруге, жүгіруге, диск пен 


215 
найзаны лақтыруға, жүзуге үйреткен. Cпартада мемлекеттік тәрбие 
жетекшілерін 
педоном 
деп атаған. Педономдар тек ақсүйектердің 
арасынан сайланған. Міндеті - тәрбиешілердің құлықтық іс-
әрекетін, дене жаттығуларын бақылау және оларды жазалау.
Ежелгі Римде риторлық мектептер ашылды. Бұл мектептерде 
13-19 жас аралығындағы ер балалар оқытылды. Бұнда жалпы 
гумманистік білім беріліп, кӛрнекті тарихшылардың, шешендердің, 
ақындардың шығармаларымен, философия, құқық пәндерімен 
таныстырған. Осы кезеңде мектептің 3 түрі болған: монастырь, 
собор мектептері, приход мектептері. Бұнда монахтар мұғалімдік 
қызметін атқарған.
Сауда мен қолӛнердің дамуына байланысты бұрынғы шіркеулік 
мектептердің 
орнына 
қолӛнерщілердің 
цехтік 
мектептері, 
саудагерлердің гильдийлік мектептері пайда болды.
Капитализм дәуірінде оқыту мен тәрбиені дворяндар мен 
буржуйлар жанұяларында гувернерлер оқыту мен тәрбие ісін 
жүргізген.
Тек ХYІІ ғасырдан бастап мұғалім мамандығы мемлекет 
тарапынан танылып оған белгілі бір талаптар қойыла бастады. 
Мұғалімнің міндеттері мен құқықтары заң түрінде белгіленді.
1917 ж Қазан тӛңкерісінен соң білім берудің жаңа жүйесі 
қарастырылды. Кәсіптік педагогикалық оқу орындарының жаңа 
түрлері пайда болды.
ХІХ ғасырдың 90 жылдарында Қазақстанның қоғамдық 
ӛмірінде, білім беруде ӛзгерістер байқалды. Педагогикалық 
институттар педагогикалық университеттерге айналдырылды. 
Жалпы білім беретін мектептердің жаңа түрлері пайда болып,
практикаға енгізіледі.
 
Жҧмысты талқылау:
- Педагогиканың даму тарихы немесе мектептер?
- Бұл мектептердің пайда болуына үлес қосқан педагогтар
әселелерде не ортақ және әртүрлі? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет