258
Міндеттері:
6.
Педагогика ғылымындағы жеке тұлғаның дамуына қатысты
қарастырылатын тұлға, индивид, жеке тұлғалық, даму, қалыптасу,
тұқымқуалаушылық, тәрбие, әлеуметтену ұғымдарына жалпы
түсінік беру арқылы бірлесіп талқылау;
7.
Оқыту мен жеке тұлға дамуының байланысын анықтау
арқылы болашақ педагогтар үшін практикалық мәнді мәселе болып
табылатын оқыту формалары мен әдістерін таңдау икемділіктерін
қалыптастыру;
8.
Әлеуметтену ұғымына берілген сипаттама негізінде жеке
тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін қарастырып, факторларын
анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
Білім алушылар дәріс барысында :
Педагогика ғылымындағы жеке тұлғаның дамуына қатысты
қарастырылатын ұғымдар туралы жалпы түсінік алу үшін бірлесіп
талқылайды;
Оқыту мен жеке тұлға дамуын жүзеге асыру үшін тиімді
болып табылатын оқыту формалары мен әдістерін сараптай алады;
Жеке тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін жіктеп, оның жүзеге
асу факторларын анықтайды.
Оқу міндеттерін шешуде теория мен практика арасындағы
байланысты анықтай алады;
қажетті ақпараттарды алу және іріктеу тәсілі ретінде сӛйлеу,
жазу, талдау іс-әрекеттерін жүзеге асырып, алынған ақпаратқа
қатысты ӛзінің ойын білдіреді;
кез келген ақпаратты беру және қабылдау үшін жағдайға
қарай шағын кӛлемдегі мәтін түрлерімен жұмыстанады;
қойылған мәселелерді шешу үшін топпен бірлесіп жұмыс
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: