265
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС
4. Жаттығу: «Екі жақты кҥнделік»
(кестені толықтырыңыз)
Мақсаты:
Білім алушыларды алған білімдерін жинақтап
қорыту.
Тапсырма:
Білім алушылардың дәрістің басында толтырған
«Екі жақты кҥнделіктерін»
толықтыру тапсырылады.
Нені білгім келді
Нені үйрендім
«Педагогикадағы мақсатты анықтау»
Тұлғаны жан-жақты дамыту – тарихи құбылыс. Оны әрбір
тарихи кезеңдегі құжаттар мен деректерді қарай отырып, кӛруге
болады. Бұл тақырыпты ашуда ҚР-ның мемлекеттік құжаттарына
сүйенген дұрыс: ҚР-ның «Білім туралы» Заңы, «Тәрбие
тұжырымдамасы», «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беру жүйесін
дамыту тұжырымдамасы», ҚР «2011-2020 жылары білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы».
Сонымен қатар, педагогикадағы негізгі философиялық
тұжырымдамаларды сипаттай отырып, әрбіреуінде тәрбие
мақсатын белгілеуіндегі ерекшеліктерді кӛрсету керек. Олар:
неотомизм, прагматизм, экзистенциализм, бихевиоризм. Сонымен
бірге, бұл дәрісте пәнаралық байланыс жүзеге асырылатындықтан,
тақырыптың философия, тарих пәндерімен байланысын талқылау
қажет.
Практикалық сабақтарда осы тақырып бойынша педагогикалық
ситуацияларды шешу, жаттығуларды орындау, мұғалімдердің оқу-
тәрбие жұмыс жоспарларымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: