Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет147/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

4. Жаттығу: «Т кестесі» 
Дәрістің 5 сұрағы кӛрнекті педагогтардың еңбектеріндегі 
дамыта оқыту идеялары «
Т кестесіне»
салынады. Мәтінді талдап, 
ондағы білім беру жүйесінің дамуына үлестерін қосқан 
тұлғалардың нақты еңбектерін «Т» кестесі арқылы кӛрсетеді. 
Студенттер «Т» кестесінің бір жағына ғалымдардың есімдерін 
жазып, екінші жағына олардың еңбектеріне сипаттама береді. Білім 
беру жүйесінде дамыта оқыту идеяларының дамуына үлестері 
жӛнінде ӛз ойларын жазады. 
5. Көрнекті педагогтардың еңбектеріндегі дамыта оқыту 
идеялары 
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенiн 
психология ғылымы жеткiлiктi дєрежеде де дәлелдеп бердi деп 
айтуға болады. Бұл мәселенi түбегейлi зерттеп, бала дамуындағы 
оқытудың ролiн, алар орнын анықтаған кӛрнектi психолог Л. С. 
Выготский. 
Ол дамуды оқытумен тең, керiсiнше оқу мен даму екi бӛлек 
процесс деген кӛзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала 
дамуының тӛмендегiдей екi аймағы болатындығы жайлы теория
ұсынды. 
1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердiң 
кӛмегі арқылы атқара алатын iстерi. 
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердiң 
кӛмегiнсiз iстей алатын iстерi. 
Баланың дамуы бiрiншi аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. 
Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен ӛзара қызметтесе 
отырып, оны игерген кезде дамуға ӛрiс ашылады. Бұдан әрi 
психиканың бүкiл саласының қалыптасуы, адамның белсендi 
қызметтi ӛрiстетуi мүмкiн болады. Бұл процесте ол бiр жағынан 
ӛзiнiң iскерлiгi мен қабiлетiн нығайтып жетiлдіреді, жаңа 
дағдыларды игередi, екiншi жағынан материалдық жєне рухани 
байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне ӛз үлесiн 
қосады. Баланың потенциалдық мүмкiндiктерi неғұрлым жан-
жақты үйлесiмдi, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметi 
соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. 


296 
Оның жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпiндi 
меңгерiп, жаңғырта алады. Демек, шын мәнiндегi - ертеңгі меңзеу 
орын алады. 
Ғалым психологтар Л. .Занков, А. А.Люблинская, В.В.Давыдов, 
Д. Б.Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың 
мазмұнын, сипатын ӛзгертуге арналған зерттеулер жасалады. 
С.Л.Рубинштейн, 
Е..Кабанова-Меллер 
жєне 
басқалар 
ӛз 
зерттеулерiнде оқыту дамудың негiзгi алғы шарты екенiн 
делелдейдi. 
И.Я.Лернер «даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға 
негiздей отырып, адамның әртүрлi қиындықтардағы мәселелердi 
шеше бiлуге дайындығы деп түсiндiредi. Мұндай анықтама 
интелектуалдық iс-әрекеттi жоғары орынға шығарады. Мєселе 
қаншалықты күрделi болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой 
қызметi де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейi де 
жоғары болады. 
Дамыта оққыту идеясын алғашқылардың бiрi болып 1959-60 
жылдары қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен 
жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесiн мұғалiмдер қауымы 
үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгiлi себептерге байланысты 
ӛрiстеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерiнде 
қайтадан қолданыла бастады. Қазiр бұл жүйе дәстүрлi оқытумен 
қатар пайдаланып келедi. 
Л.С. Выготскийдің теориясы Д.Б. Эльконин басқарған 
шығармашылық топ жұмысында әрi қарай жалғастырылады. 
Баланың - ӛзiн-ӛзi ӛзгертушi субъект ретiнде дамуына арналған 
тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргiзiлдi. Екi авторлар тобы 
да ӛз жүйелерi бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, 
әдiстемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту 
ғылыми теориядан практикалық iс-тәжiрибеге батыл ене бастады. 
Дамыта оқыту – дәстүрлi оқытуға соңғы уақыттарға дейiн 
балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесiнде әр оқушы ӛзiн-
ӛзi ӛзгертушi субъект дәрежесiне кӛтерiлуi кӛзделiп, соған оқыту 
барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтеже бердi. 
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС 
Жаңа сабақты қорытындылау үшін жалпы топ студенттерін 
ұяшықтар алаңына шақырамыз. Ұяшықтарда барлық дәріс 
материалдарының мазұны бойынша сұрақтар жасырылынған. 


297 
10 
20 
30 
10 
20 
30 
10 
20 
30 
Берілген тапсырма бойынша «10» ұпайлық торкӛздерде жеңіл 
сұрақтар, «20» ұпайлық торкӛздерде одан күрделірек, «30» ұпайлық 
торкӛздерде күрделі сұрақтар жасырылынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет