Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет160/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Тҧлғаның санасын (ҧғымдарын, тҥсінігін, пікірін, баға беру, 
нанымын) қалыптастыру әдістері. 
Кӛзқарастарды, ұғымдарды, сенімдерді қалыптастыру үшін 
тұлғаның санасып калыптастыру әдістері деп жалпы атпен 
аталатын әдістер қолданылады. 
Этика тақырыбындағы баяндау – бұл адамгершілік мазмұны 
бар нақты деректер мен оқиғаларды эмоционалды түрде айтып беру. 
Түсіндіру – білім алушыға эмоционалды-сӛзді әсер әдісі. Оқу 
орыны тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің 
себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге 
сүйенеді. Түсіндіру білім алушыға адамдардың қатынасын және 
мінез-кұлқын дұрыс бағалау икемділігін қалыптастыруға кӛмектесуі 
керек. 
Сендіру білім алушыға белгілі бір шешім қабылдату жағдайында 
пайдаланылады. Сендіру әдісі дегеніміз – білім алушылардың 
санасына, сезіміне, мінез-құлкына әсер ету. Сендіру басқа тәрбие 
әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады. 
Иландыру ӛтінішті түсіндірумен және сендірумен қатар 
қолдану арқылы жүзеге асырылады. Иландырудың тиімділігі 
педагогтың беделіне кӛп байланысты. Иландыру ӛз мақсатына жету 
үшін білім алушының жақсы жақтарға сүйеніп, мақтауды қолданып, 
абыройына сұраныс жасаған дұрыс. 
Әңгіме педагог пен білім алушының пікір алысуға екі жақты 
кірісуін керек ететін жүйелі әрі бірізді әдіс түрі. 
Әңгіме мақсаты
– білім 
алушыларда адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, 
білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік 
кӛзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.
Әңгіме-кеңес – тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы 
тәрбиеленушілерде әртурлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, 
кӛзқарастар қалыптастырады. Әңгіменің нәтижелі болуы әңгіменің 


323 
ӛзектілігі 
мен 
қызықтылығына 
байланысты. 
Әңгімені 
ҧйымдастырудың шарттары: 
1.Әңгіменің проблемалық болғаны маңызды. Педагог білім 
алушыларды үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол 
сұраққа жауапты олардың ӛздерінің табуына кӛмектеседі. 
2.Әңгіме алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған 
даяр сценарий бойынша жүрмеуі тиіс. Білім алушыларға ӛз 
ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалардың 
ойларын сыйлауға, оған дұрыс кӛзқарас нышанымен қарауға 
үйрету керек.
3.Әңгімені дәріске айналдыруға болмайды. 
4.Әңгіме 
құралдары 
тәрбиеленушілердің 
эмоиионалды 
тәжірибесіне жақын болғаны абзал. 
5.Әңгіме кезінде барлық кӛзқарастар мен пікірлерді анықтап, 
оларды салыстыра білудің маңызы зор. 
6.Әңгімеге дұрыс жетекшілік жасау – тәрбиелеушінің оңды 
шешімге ӛз бетімен келуіне арқау болу. 
Пікірталас
– бұл білім алушылардың пайымдауын (пікір 
айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста 
тақырып бойынша білім алушы ӛзінің кӛзқарасын, ойын дәлелдейді. 
Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе 
таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа педагог пен білім 
алушылар бірдей дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні 
бұрын 
хабарланадырылады. 
Пікірталас 
білім 
алушыларды 
қателіктермен 
жалпы 
кӛзқарастармен 
күресуге 
үйретеді. 
Пікірталастың құндылығы сонда, ол білім алушылардың ойлану 
сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, 
қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың 
соңында басқарушы білім алушылардың жауабын жинақтайды, 
талдайды, баға береді, қорытады. 
Ӛнеге – ӛте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа 
негізделеді: кӛру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір 
қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас 
кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты тұлғаларды, саяси 
майталмандарды т.б. ӛнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие. Ӛнегенің 
психологиялық негізі - еліктеу. Оның арқасында білім алушылар 
әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды. 
Айта кету керек, педагогтың ӛз ӛнегесін, білім алушыларға 
қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі 


324 
тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Педагогтың ӛз 
тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса, 
ӛзін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет