Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет64/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Зертханалық жҧмыстар
 
студенттердің теориялық-әдіснамалық 
білім мен дағдыларын біріктіруге бағытталған. Мысалы, 
эксперимент 
инженерлерді 
даярлауда 
ӛзектілікке 
ие. 
«Лаборатория» латын тілінен «labor» сӛзін аударғанда – еңбек, 
жұмыс, қиындық дегенді береді. Оның мәні ежелден-ақ адам 
ӛмірінде болатын ғылыми және ӛмірлік міндеттерді шешу үшін 
ақыл-ой және дене күштерін пайдаланумен байланысты. 
 
Оқу мамандығына орай зертханалық жұмыстар белгілі бір 
айқын спецификаға ие. Сондықтан әрбір нақты жағдайға түрлі 
әдістемелік нұсқаулар қажет.
Кез-келген практикалық сабақ формасының маңызды бӛлігі 
жаттығулар болып табылады.
 
Жаттығудың негізі – дәрісте берілген 
теория позициясынан талқыланатын мысал. Әдетте, нақты дағдыны 
қалыптастыруға басты назар аударылады. Бұл студенттер іс-
әрекетінің мазмұнын (есеп шығару, графикалық жұмыстар, 
ғылымның ұғымдары мен категорияларын нақтылау) құрайды. 
Білім алушылармен жаттығуды орындау барысында ұғыну және 
түсіну қабілеттерін қалыптастыруға ерекше кӛңіл бӛлген жӛн. 
Оқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда 
болған. 
Семинар
сӛзі латынның «seminarium» – егу дегенді береді. 
Білімді «егуші» педагог ӛз білім алушыларына пікірін, білімін 
береді деп ауыспалы мағынада қолданылған. Ежелгі грек және 
римдік мектептерде семинарлар пікірталас, білім алушылардың 
баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. 
XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ. 
ресейлік және қазақстандық оқу орындарында таралған. Семинар 
сабақтары практикалық сиптта болып келген, олар белгілі бір 
ғалымның мектебі болып саналған.
Бүгінгі колледждер мен ЖОО-да семинар гуманитарлық және 
техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі 
түрі болып табылады. Бұл білім алушылардың ғылыми ойлауын 
дамыту құралы болып табылады. Семинар пәнді терең зерттеуге, 
ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған.


152 
Семинар сабақтарының басты 
мақсаты
– білім алушыларға 
зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді 
қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. 
Семинарда мынадай педагогикалық 
міндеттер
шешіледі: 
- кәсіби шығармашылық ойды дамыту; 
- танымдық мотивация; 
- оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану: а) сәйкесінше 
ғылымның 
тілін 
меңгеру; 
ә) 
түсініктерді, 
ұғымдарды, 
анықтамаларды 
қолдану 
дағдылары; 
б) 
интеллектуалды 
проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, ӛз пікірін қорғау, 
басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру.
Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай 
жеке 
міндеттерді
де шешеді: 
- білімді қайталау және бекіту; 
- бақылау; 
- педагогикалық қарым-қатынас. 
Колледждер 
мен 
ЖОО-ғы 
семинарлар 
үш 
бағытта 
қолданылады: 
1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында ӛткізілетін 
семинар. 
2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық 
сипаттағы тақырыптың жан-жақты ӛңдеу үшін ӛткізілетін семинар. 
3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында 
нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар. 
Қазіргі колледждер мен ЖОО-ғы 
семинар сабақтарының ҥш 
типі
бар: просеминар, кәдімгі семинар, арнайы семинар. 
Просеминар 
– семинарға дайындау үшін бірінші курста 
ӛткізілетін сабақ. Мақсаты – білім алушыларды ӛздік жұмыстың 
ерекшелігімен, әдебиет тізімімен, негізгі ақпарат кӛздерімен, 
жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Тәжірибе кӛрсеткендей, 
бірінші курс білім алушылары ақпарат кӛздерімен жұмыс жасауды 
біле бермейді, әдебиеттер тізімінен қажеттісін таңдап ала алмайды. 
Сондықтан әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға, 
материалды шығармашылықпен ӛңдеуге ерекше назар аударған 
жӛн.
Просеминарда жұмыс жасаудың екінші кезеңі – белгілі бір 
тақырыптарға реферат даярлау, оны оқу және талқылау, 
қорытындылау. Маңызды оқу және тәрбиелік міндеттер 2-3 


153 
курстарда және әсіресе 4 курстардағы арнайы семинарларда 
шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет