Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет92/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


206 
V. ПЕДАГОГИКА МАМАНДЫҒЫНА КІРІСПЕ 
 
1. Педагогика мамандығына кіріспе курсының мақсат, 
міңдеттері. Педагогика мамандығына кіріспе пәні бойынша 
университеттерге арналған типтік бағдарлама 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі 
кезеңдегі дамуында терең сапалық ӛзгерістерге қарай бетбұрыс 
жасауда. Бұл саладағы ең басым бағыттардың бірі – қазіргі 
қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа, динамикалық 
жағдайында шығармашылықпен және белсенді қызмет жасауға 
қабілетті педагог мамандарды даярлау міндеті болып табылады. 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ӛміріндегі ӛзгерістер білім 
берудің әдіснамалық негізінің ауысуына, жаңа білімдік 
құндылықтардың, білім берудің барлық салаларын қамтитын 
инновациялардың пайда болуына мүмкіндік беруде. Мұның 
барлығы педагог мамандар даярлауды жаңа сапалық тұрғыдан 
жүзеге асыруды талап етеді. Сондықтан білім беру мәселелерін 
жоғары кәсіби деңгейде ӛзбетімен, шығармашылықпен және 
жауапкершілікпен шешуге қабілетті мамандар даярлау міндеті 
қойылып отыр. 
Білім 
беру 
процесін кредиттік 
технология 
негізінде 
ұйымдастыру, бакалавр бойынша студенттерді оқытудың деңгейі 
мен сапасының кӛрсеткіштері, белгіленген нормалары мен 
ӛлшемдері 
айқындалған 
осы 
мамандықтың 
Мемлекеттік 
стандартының жасалуы осы мақсатты жүзеге асырудың 
алғышарттары болып табылады. 
 
«Мамандыққа кіріспе» курсы - «Педагогика және психология» 
мамандығы (бакалавр) бойынша алғашқы кәсіптік – педагогикалық 
пән.
Болашақ педагог-психолог дайындаудағы аталған курстың ролі 
мынада, бұл курс студенттердің кәсіптік жеке дамуын іске асыруды 
қамтамасыз ете отырып, оларға жоғары оқу орны жүйесіндегі 
мектептен кейінгі оқуын қалыптастыруға кӛмек береді. 
Курсты оқу барысында студенттер дәрістерде алынған 
теориялық білімдерді тереңдету, кеңейту, сондай-ақ, ӛз ойын дұрыс 
жеткізе білуді қалыптастыру, түп нұсқадан, педагогикалық 
баспасӛз беттерінен алынған мәліметтерді талдай білуге, жүйелей 
білуге үйренуге бағытталған жұмыстарды меңгереді. 


207 
Болашақ педагог-психологтар кәсіпті игерудің алғашқы 
қадамынан бастап, педагогикалық қызметтің мәнімен, оның 
құрылымымен танысу арқылы педагогтың заңды негізгі қызметі, 
сондай-ақ, әртүрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы кәсіптік 
қалыптасу процесіне белсенді араласады. 
«Педагогика мамандығына кіріспе» курсының 
мақсаты мен 
міндеттері: 
-
Болашақ 
педагогика-психология 
бакалаврының 
педагогикалық қызметінің ғылыми негіздерімен таныстыру; 
-
жоғарғы оқу орнындағы есептік еңбек мәдениетін игеруге 
кӛмек кӛрсету; 
-
педагогика-психология бакалаврының кәсіптік мәдениеті 
негізін қалау; 
-
кәсіптік қызметке қызығушылығын дамыту; 
-
тұлғалық және кәсіптік ӛздігінен жетілу қажеттілігін 
қалыптастыру. 
Бұл курста болашақ педагог-психологтар педагогикалық
қызметтің мәнімен, құрылымымен, педагогикалық қызметтің 
заңды негіздерімен танысады. 
«Педагогика мамандығына кіріспе» курсы студенттерді 
теориялық тұрғыдан дайындайды.
Ол: 
-
студенттердің болашақ кәсіптік қызметінің негізін қалауға; 
-
педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасын беруге; 
негізгі ұғымдарымен таныстыруға (кәсіби қызмет, кәсіби 
қабілеттілік, кәсіби ӛзін-ӛзі тәрбиелеу және т.б.) бағытталған. 
Педагогика 
мамандығына 
кіріспе 
пәні 
бойынша 
университеттерге арналған типтік бағдарламада мына тақырыптар 
қарастырылады: 

Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері; 

Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы; 

Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы;

Педагогикалық іс-әрекетінің құрылымы; 

Педагогтың кәсіби біліктілігі; 

Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы;

Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті; 

Педагогтың даярлық жүйесіндегі педагогикалық тәжірибе;

Зерттеушілік 
іс-әрекет 
педагогикалық 
іс-әрекетінің 


208 
компонеті; 

Педагогикалық 
шығармашылықтың 
психологиялық 

педагогикалық негіздері; 

Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық процесі 
ретінде. 
Курс соңында студенттер болашақ педагог-психологтардың 
кәсіби педагогикалық қызметінің ғылыми негіздерімен танысады, 
жоғарғы оқу орнындағы оқу еңбегінің мәдениетін меңгеруге кӛмек 
алады, педагог-психологтық кәсіби мәдениетің негізін қалайды, 
кәсіби қызметке қызығушылығы дамыйды, тұлғалық кәсіби ӛзін-ӛзі 
жетілдіруге қажеттілігін қалыптастырады. Бұл курста студенттер 
педагогикалық қызметтің мәнімен, құрылымымен, педагогикалық 
қызметтің заңды негіздерімен танысады.
 
Студенттер кәсіби білім, 
біліктіліктер және дағды, іскерліктерді меңгереді.
Курс дәріс, практикалық сабақтар, студенттердің ӛзіндік және 
оқытушымен ӛткізілетін ӛзіндік жұмыстары арқылы жүргізіледі. 
Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолданылады. Оқыту 
негізгі оқу бағдарламасы қамтыған тақырыптар негізінде 
жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер 
бекітіліп 
отырады. 
Студенттердің 
білімін 
бақылау 
үй 
тапсырмаларын 
тексеру, 
электрондық 
оқулық 
т.б. 
оқу 
құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке 
семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет